Еуропалық Одақтың климаттың өзгеруін бақылау жөніндегі Copernicus қызметінің ғалымдары қаңтар айының басында жыл сайынғы Климаттық шолуды жариялады, онда өткен маусымнан бастап аномальді жоғары температура 2023 жылдың 2016 жылғы көрсеткіштерінен асып түсуіне әкелді, бұл осы уақытқа дейін рекордтық деп саналды.
Метеобақылау деректері өнеркәсіпке дейінгі деңгейге (1850-1900 жылдардағы орташа) қатысты орташа жаһандық бет температурасының өсуін көрсетеді. Бүкіл әлемде климаттың экстремалды әсері жаппай орман өрттерінде, ұзаққа созылған ыстықта, құрғақшылықта және қатты жауын-шашында көрінді. 2023 жылы табиғи апаттардан пайда болған рекордтық материалдық шығын тіркелді.
Ауа температурасы орташадан едәуір жоғары, тіпті Антарктиданың көп бөлігінде де тіркелген. Одан басқа Дүниежүзілік мұхит бетіндегі температура рекордтары да жаңарды .
Сонымен қатар, қазір ғалымдар 2024 жыл температура рекордтарын бұзады деп болжайды. Ал Қазақстанның оңтүстігінде қаңтар айының басында қар бүршіктері гүлдеді…
Қазақ тіліне аударған: Маликова Дильназ Арманқызы.