16. 9. 2016 – Ақтау/Астана

Алты проблема – алты шешім: ЕО шағын гранттары Маңғыстаудағы жергілікті қауымдастыққа экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі

Маңғыстау тұрғындарының проблемалары төртеуге азайды. Бірнеше экологиялық мәселелер жергілікті азаматтардың бастамасы арқасында шешімін тапты, қалған біраз мәселелердің шешімі қарастырылуда.(1) Нақты мәселелерді шешудегі белсенді қауымдастықтарға қолдау көрсету(2) – Европа Одағ мен Чехия үкіметінің қаржыландыруымен (3) ЭкоМұражай, CINEST (Қарағанды), Эко Маңғыстау (Ақтау) және Арника (Чех Республикасы) қоғамдық ұйымдары ұйымдастырған  «Азаматтардың құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу – Маңғыстау облысында Орхус конвенциясын тәжірибелік іске асыру» жобасы аясындғы Шағын гранттар бағдарламасының мақсаты болатын.

Құрықтың оқушылары бірнеше жыл бойы мектепке кәріздің бұзылуынан аққан жаман су жиналған  ауламен барып жүрді. Жергілікті тұрғындардың «Ажар-ай» бастама тобы қоғамдық пікірді білу үшін сауалнама жүргізіп, билік өкілдеріне хат дайындап, дөңгелек үстел ұйымдастырып, онда ашық талқылау өткізді. Бірнеше айға созылған қысымнан кейін аудандық әкімшілік сынған құбырды жөндеп, жақын арада бүкіл кәріз жүйесін қайта жөндеуден өткізуге уәде берді.

«Бәйшешек» азаматтар бастамасы Ақтаудағы рұқсатсыз жұмыс жасап, жанындағы Басқұдық тұрғын ауданын шаңмен, иіспен және қоқыспен ластап жатқан қалалық муниципалдық полигон жұмысы туралы мәселе көтерді. Олардың қарсылығы биліктің  полигонды жауып, Баянды ауылынан жаңасын ашуға мәжбүр етті.

Басқа екі жоба көбіне таныстыру мақсатында жүргізілді. «Қолдау Қазақстан» қоғамдық ұйымы жоғалып бара жатқан (сайғақ сияқты) жануарлардың мүйізін заңсыз сатуға қарсы ақпараттық кампания өткізіп, мемлекеттік органдарды аталған мәселені шешуге белсене қатысуға шақырды. Басқұдықтың «Жас дәурен» бастама тобы  ағаш егу мен оны тыңайтуға байланысты семинар өткізіп, өздерінің қалалары мен ауылдарының қоршаған орта жағдайын кез-келген азаматтың жақсарта алатынын көрсету мақсатында 50 жеміс ағашын тегін таратты. 

«Біздің мақсатымыз экологиялық мәселелерді шешу емес, жағымды өзгеріске ұмтылатын батыл азаматтарды қолдау және жергілікті қауымдастықтардың қызметін белсенділендіру. Біз тек белсенді азаматтар ғана Маңғыстаудың тұрақты дамуына кепілдік бере алады және басқаруды жақсартуға өз үлесін қоса алады деп санаймыз», - дейді Чехияның Арника – Азаматтарды қолдау орталығының директоры Мартин Скальский.

Эко Маңғыстау ұйымының директоры Кирилл Осин бұған: «Біз белгілі бір мәселе бойынша білікті емеспіз деп ойлап, жиі ұялшақтық танытамыз, біздің дауысымыз не істейді дейсің деп ойлаймыз. Алайда жергілікті мәселелерді шешу үшін көп күш пен білімнің қажеті жоқ. Ең бастысы – немқұрайлық танытпау керек»,- деп қосады.

Басқа екі жоба қазіргі кезде  даму кезеңінде. Шетпе азаматтары қала маңында орналасқан, экологиялық стандарттарға сай келмейтін 13 тас қашау орындарының әсерінен болған келеңсіздіктермен күреске бар күштерін салып жатыр. Green Sаnd ұйымы жергілікті оқушылар мен жастарды Ақтауға жаппай ағаш егуге шақыруды жоспарлап отыр. 


 Қосымшалар:

  • 1) Орындалған жобалардың қысқаша сипаттамасы
  • 1/ Сайғақтардың мүйізін заңсыз сатуға қарсы ақпараттық кампания

    Орындаушы ұйым: Қолдау Қазақстан / бюджеті: 1,580 евро

    Жоба аясында «Сайғақ тағдыры біздің қолымызда» атты қазақ және орыс тілдерінде дәріс ұйымдастырылды, «Сайғақ мүйізін заңсыз сатуды тоқтатайық!» ұранымен плакаттар әзірленді. Сайғақтарға төніп тұрған қауіп пен заңсыз сатуды тоқтату мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстелге мемлекеттік билік органдарының 9 өкілі қатысты.Азаматтардың сайғақ мүйізін заңсыз сату жағдайларын хабарлауына арналған  8 (7292) 60-95-50 жедел телефон желісі іске қосылып, ол туралы БАҚ-та хабарланды. Дәріс Маңғыстау облысының Бейнеу, Мұнайлы елді мекендері мен Ақтау қаласының 8 мектебі мен колледждерінде өткізілді, дәріске 1571 студент қамтылды, сонымен бірге студенттер мен оқушыларға  «Сайғақ туралы қисса» атты мультипликациялық фильм көрсетілді. Дәрістен кейін 46 еріктінің көмегімен Ақтау, Бейнеу, Мұнайлының қоғамдық орындарында (базар, вокзал, автобус аялдамаларында) 500 плакат ілінді.  

    2/ Құрық қаласының қоршаған ортасын жақсарту

    Орындаушы ұйым: Ажар-ай / бюджеті: 1280 евро / зардап шеккендер 11,000

    Қаланың экологиялық ахуалы туралы қауымдастықтың пікірін білу үшін 1000 респонденттер арасында зерттеу жүргізілді. Адамдар қалдықтарды басқарудың нашарлығын, ағаштың аздығы мен инфраструктураның дамымағандығын атап көрсетті. Алынған мәліметтер қалалық және аудандық билік органдары қатысқан дөңгелек үстелде жарияланды (12 қатысушы). Ұжымдық үндеу қабылданған қоғамдық дебаттарға 58 адам қатысты. Өзекті мәселелердің бірі - №6 мектеп ауласындағы кәріз суының ағыны екендігі анықталды. Қалдықтарды реттеу мен қоқыстанған жерлерді жөндеуге арналған семинарға 50 бала қатысты; 81 адам қоғамдық ағаш егуге қатысты. Анықталған мәселелерді билікпен шешуге арналған тағы бір семинар жұмысына 45 адам қатысты. Көрнекі нәтиже ретінде аудандық биліктің бұзылған кәрізді жөндегенін және бүкіл кәріз жүйесін қайта жөндеуге уәде бергенін, қоқысқа арналған контейнерлерді қоршауға алғанын атап кетуге болады.

    3/ Бізді қоршаған орта өз қолымызда! (Басқұдық)

    Орындаушы ұйым: Жас дәурен / бюджеті: 1, 926 евро / зардап шеккендер 15,000

    Қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік билік арасында ағымдағы экологиялық мәселелерді талқылау үшін 18 адам қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер – айналаның қоқыстануы, шаң-тозаң, ағаштың аздығы. Қалдықтарды жою, табиғатты қорғауға және компосттеуге байланысты 300 ақпараттық брошюралар таратылды. Азаматтарға қоршаған ортаны тазалауды өз аулаларынан бастау ұсынылды. Мүдделі 10 отбасына органикалық қалдықтардан өз компостын жасау жолдары көрсетілді, ағаш егу жолдары үйретіліп, жеміс ағаштарының көшеттері тегін берілді (50 ағаш көшеті). Ағаш көшеттерін беру мен егу әкім орынбасарының қатысуымен кішігірім фестивальға айналды. Ақпараттық кампания іс-шараның бір бөлігі ретінде өткізілді. Іс-шара есебі 3 газетке жарияланды.

    2) Шағын гранттар бағдарламасының алынған нәтижелері

    Жоба Прессадағы мақалалар Қоғамдық тыңдалымдар/кездесулер Семинарлар / тренингтер / дәрістер Жұртшылықты ақпараттандыру іс-шаралары Іс-шараға қатысушылардың жалпы саны
    Қолдау (Маңғыстау) 7 1 8 1 1,580
    Ажар-ай (Құрық) 2 3 1 1 1,246
    Жас Даурен (Басқұдық) 3 1 1 1 1,926
    Жалпы 12 5 10 3 4,752

     

    3) Шағын гранттар бағдарламасы туралы толық ақпарат: