26. 8. 2024 – Казахстан

Цифрландыру жағдайында тұрақты даму мәселелерін білім беру жүйесіне қалай интеграциялауға болады

21 тамызда Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде “Цифрландыру жағдайында білім мазмұнына тұрақты даму компонентін интеграциялау” атты мұғалімдерге арналған конференция өтті.

Конференцияға білім беруді цифрландыру саласындағы сарапшылар, педагогтар мен білім беру ұйымдарының цифрландыру жөніндегі орынбасарлары, білім басқармаларының мамандары, әдістемелік орталықтардың методистері, ЮНЕСКО-ның өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Конференция барысында “Цифрлық шешімдерді қолдана отырып климаттық білім беру” тақырыбында шеберлік сыныбында Қарағанды облыстық Экологиялық Мұражайының ақпараттық және білім беру бағдарламаларының координаторы Ирина Игнатович “КЛИМАТ ӨЗГЕРУДЕ - БҰЛ МАҒАН ҚАТЫСТЫ” атты онлайн-курсты таныстырды.

Бұл курс жоғары сынып оқушыларына, студенттерге және қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты даму мәселелерімен қызығатын барлық адамдарға арналған. Курста климаттың өзгеру себептері, Қазақстанға әсері, болжамды өзгерістер және оларға бейімделу шаралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының климаттық міндеттемелері мен уәделері және олардың елдегі жағдайға әсері қарастырылған. Курс оқу үшін материалдар, сарапшылармен видеоинтервью, тест тапсырмалары және басқа да ресурстарды қамтиды.  Климаттың өзгеруі тақырыбына қызығушылық танытқан кез келген адам курсты оқи алады.

Курсты мына сілтемеден табуға және өтүге болады: https://climatechange.ecomuseum.kz/

Онлайн-курс “КЛИМАТ ӨЗГЕРУДЕ - БҰЛ МАҒАН ҚАТЫСТЫ” “Қарағанды облысында климаттық өзгерістердің салдарын жеңілдетуге азаматтық қоғамның қатысуы” жобасы аясында әзірленген. Жоба чехиялық қоғамдық ұйым “Арника - Азаматтық қолдау орталығы” мен Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұл жоба “Азаматтық қоғам ұйымдары мен жергілікті билік. Қарағанды облысында климаттық өзгерістердің салдарын жеңілдетуге азаматтық қоғамның қатысуы” бағдарламасы бойынша іске асырылып жатыр.