12. 7. 2016 – Астана

Қазақстан азаматтарына аймақтарындағы қоршаған ортаны ластау көздері туралы дерек қолжетімді болады

АСТАНА – 14-15 шілдеде Астана қаласындаҚазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін конференция аясында қоршаған ортаны ірі ластаушылардың дерек қоры туралы көрсетілім ұсынылады. Орталықтандырылған дерек қорындағы ақпаратты үкіметтік емес ұйымдар ұсынған және жақын арада www.ecocitizens.kz сайтында ашық және қолжетімді түрде жарияланады. Қоршаған ортаның ластануы туралы ақпаратты қоғам үшін қолжетімді ету идеясына  біраз жыл болды. Шығарындылар мен ластаушы заттарды тасымалдау бойынша мемлекеттік дерек қоры Шығарындылар мен ластаушыларды тасымалдау регистрі туралы Киев хаттамасы (1) аясындағы дамушы елдер үшін мемлекеттің өз азаматтары алдындағы ашықтығын көрсететін стандарт  болып табылады. 2016 жылдың сәуір айында Елбасы Н.Назарбаев аталған Хаттамаға байланысты жаңа заңға (2) қол қойды. 

«Біз Президенттің заңға енгізілген түзетулерге қол қойғанын қолдаймыз, бұл қоршаған ортаны ластау туралы деректерді жақын арада заңды түрде жариялауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз мемлекеттік мекемелер жұмысына да өз пайдамызды тигізіп, деректердің қарапайым әрі түсінуге ыңғайлы түрде беру жолдары мен формаларын көрсетеміз. Біз дайындаған ірі ластаушылардың «Топ 10» ақпараттық ресурсы – ақпарат беру жүйесінің жақсаруына себебін тигізе отырып, қауымдастықтың осы мәселеге деген қызығушылығын арттырады деп үміттенеміз», - дейді Қарағанды Экомұражайының дамуы жөніндегі директоры Дмитрий Калмыков.

Қазақстанның – «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы», «Жаңа, Экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы», «ЭкоМанғыстау» Қоғамдық ұйымдары мен Чехияның «Арника» үкіметтік емес ұйымы Энергетика министрлігі ұсынған өндірістік кәсіпорындардың ресми деректерін сараптап, осындай ақпаратты өңдеу және ұсыну жолдары туралы мәліметтер дайындады. Өндірістік ластаулардың адам денсаулығына тигізетін әсерін төмендету – жүз мыңдаған тұрғындары бар қалалардың тіршілігі ауыр өнеркәсіппен тығыз байланысты болып табылатын Қазақстан үшін аса маңызды. Алайда қалыптасқан дабылды жағдайлардың шешімі бар: өнеркәсіпті ұйымдастырудың қатерлерін төмендететін бірқатар алдыңғы қатарлы және қолжетімді технологиялары мен формалары бар. Оларды енгізудің алғашқы сатысы –  ластаушылар туралы деректерді жариялау болып табылады.

«Біз өзіміздің тәжірибеміздің табысты жақтарымен Қазақстанмен бөліскенімізге қуаныштымыз. Біздің тәжірибеміз – қателеріміз болсын, табысымыз болсын – Сіздердің елде қымбат уақытты үнемдеуге және қысқа мерзімде оңалыстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Ақпараттық ашықтық деңгейін көтеру – қоршаған ортаның сапасы мен жергілікті қауымдастықтың әл-ауқатын жақсартып қана қоймай, көп жағдайларда өндірістік кәсіпорындардың өзінің үнемді жұмысына көмегін тигізеді», - дейді Чехияның Арника Үкіметтік емес ұйымының өкілі Мартин Скальский. 

Дерек қоры Қазақстанның Маңғыстау облысы тұрғындарының тіршілік ахуалын жақсарту арқылы азаматтық қоғамды күшейтуге арналған«Азаматтардың құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу – Маңғыстау облысында Орхус конвенциясын тәжірибелік іске асыру» жобасы аясында дайындалды. Көлемі 336 120 Евроны құрайтын жобаны Еуропа Одағы қаржыландырды. 

Қосымша ақпарат бойынша төмендегі сілтемелер бойынша:

ЭкоМұражай маманы Ирине Колчинаға, irina.kolchina@ecomuseum.kz , +7 707305 60 23;

немесе Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Ақпараттар мәселесі бойынша ассистенті Еркежан Амриеваға, e-mail: yerkezhan.amriyeva@ext.eeas.europa.eu, тел.: +(7172) 97-45-40 хабарласуға болады.


Ескертпелер:

(1)  Шығарындылар мен ластаушыларды тасымалдау тізімі туралы Киев хаттамасы  (РВПЗ):

ENG: htp://www.unece.org/env/pp/prtr.html 

RU: http://www.unece.org/fileadmin/DAM/env/pp/prtr/Protocol%20texts/PRTR_Protocol_r.pdf

 

(2) Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (оның ішінде шығарындылар мен ластаушыларды тасымалдаудың мемлекеттік  регистрін жүргізу мәселелері бойынша) - http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=39364423#pos=1;-196

Ескертпелер:

1  Шығарындылар мен ластаушыларды тасымалдау тізімі туралы Киев хаттамасы  (РВПЗ):

ENG: htp://www.unece.org/env/pp/prtr.html 

RU: http://www.unece.org/fileadmin/DAM/env/pp/prtr/Protocol%20texts/PRTR_Protocol_r.pdf

2 Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (оның ішінде шығарындылар мен ластаушыларды тасымалдаудың мемлекеттік  регистрін жүргізу мәселелері бойынша) - http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=39364423#pos=1;-196