«Түйелер бірнеше километр қашықтықта жайылады, сондықтан олар ауыл мен ферма айналасының қоршаған ортасын мониторлайтын тамаша «табиғи сынама алғыштар» болып табылады. Түйе сүтінің ластаушылары ескі конденсаторлар, өндірістік нысандар, бұзылып қалған өндіріс учаскелері мен шахталар, қоршалмағн рұқсатсыз қоқыс үйінділері мен қауіпті ағын сулар болып табылады. Өкінішке орай, осындай ашық қатерлі жерлер аз емес және оларда мал жайылып жүре береді», - дейді Чех Республикасының Arnika үкіметтік емес ұйымының өкілі және зерттеудің негізгі авторы Йиндрих Петрлик (Jindrich Petrlik).
«Тауықтар аула мен жақын маңайдың қоршаған орта жағдайын инспекциялайды. Тауық жұмыртқасының ластануы ласталған топырақ пен шаңнан, орнықты органикалық ластаушылардың анықталмаған қорынан немесе жұртшылыққа беймәлім үй артында жатқан қалдықтардан: мысалы, автомобиль сынығы немесе полистироль қаптамасынан да болуы әбден мүмкін. Міндетті түрде бромдалған антипирен (7) әлеуетті көздеріне, ескі конденсаторлар мен трансформаторлардағы ескірген ПХД-майларға және басқа да полихлоридті дифенилдер әлеуетті көздері болып табылатын бояу мен сылақтарға зерттеулер жүргізу қажет. Кейбір аудандарда диоксинмен ластану мәселесі де өзекті болып отыр. ПХД-мен ластанған барлық учаскелер тезірек тазалаудан өткізілуі тиіс», - дейді д-р Петрлик.
«Азық-түліктің мұндай ластану деңгейі эндокриндік және жүйке жүйесі ауруларының пайда болуына, ағзаның репродуктивті қызметінің бұзылуына әкеледі және балалар денсаулығына зиянын тигізеді. Аталған қауіптен аман боласыз, егер сіз ластанған жұмыртқаны жүйелі түрде пайдаланбасаңыз. Алайда, қауіпті химиялық заттар біздің ағзамызға тек ластанған азық-түлік арқылы ғана емес, сонымен бірге ауа мен су арқылы да түсетінін білуіміз қажет», - дейді Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің профессоры Найля Дюсембаева.
«Мемлекеттік органдардың барлық қажет шараларды қабылдағаны өте маңызды. Ең бірінші, орнықты органикалық ластаушылармен ластанған аймақтарды зерттеп, ПХД-инвентаризациялауды аяқтау керек. Осыдан кейін қауіпті жерлерді қоршап, белгілеп қою қажет, бұл шараларға қатты шығын қажет емес. Содан кейін барып, экологиялық «қауырт» аймақтарды тазалау және қалпына келтіру жұмыстарына кірісу қажет», - дейді Жаңа, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығының өкілі Анна Андрейчук. «Проблеманы шешу – бұл тауық жұмыртқасын немес сүтті тұтынуды азайту, құс фермаларын жауып не болмаса фермерлерге маза бермеу емес, бұл дегеніміз – ластау көзін жою, осы арқылы қауіпті химиялық заттардың азық-түлік тізбегі арқылы таралуының алдын-алу дегенге саяды», - деп қосты Андрейчук.
Зерттеу нәтижелері дер кезінде шығып отыр, себебі әлем елдерінің үкіметтері, оның ішінде Қазақстан да бар, Стокгольм конвенциясы Тараптарының Женевадағы (4) орнықты органикалық ластауыштар бойынша сегізінші конференциясының басталуына бірнеше күн ғана қалды. Конференция барысында трансшекаралық қозғалыста шектеу үшін қалдықтардағы қауіпті химиялық заттардың шекті концентрациясын талқылайды. Бұл жаһандық масштабта азық-түлік тізбегіндегі әрі қарайғы ластаудың алдын-алуға мүмкіндік береді. Қалдықтар сынамалық жұмыртқалардағы ластаудың негізгі көзі болып табылады.
Зерттеулер Европа Одағы мен Чех Республикасының Transition Promotion Programme қаржылық қолдауымен «Азаматтардың құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу –Маңғыстау облысында Орхус конвенциясын тәжірибелік іске асыру» жобасы аясында жүзеге асырылды.
Редакторларға арналған ескертпелер:
2) Қазақстандағы ластау индикаторы ретінде еркін құрамды тауық жұмыртқасын пайдалану
3) Маңғыстау облысы түйелерінің сүтіндегі улы ластаушылар
4) Орнықты органикалық ластаушылар әсері (ООЛ) денсаулыққа қауіпті зардаптарға әкеледі, мысалы, қатерлі ісік ауруының дамуын қозғайды, туа біткен ақауларға, иммундық жүйе мен репродуктивті жүйелердің қызметінің бұзылуына, орталық және жүйке жүйесінің қызметін бұзылуы мен аталған жүйе ауруларына тез шалдығушылыққа әкеліп соқтырады. ООЛ қоршаған ортада ұзақ сақталады, едәуір қашықтыққа таралады, адам мен жануарлар ағзасының май тінінде жиналады. Толығырақ (орыс тілінде) толығырақ
Химиялық заттардың адам ағзасына әсері (орыс тілінде)
5) Примеры возможных источников загрязнения – животные пасутся на загрязненых участках в Мангистауской области
6) Стокгольм конвенциясы – бұл 2001 жылы қол қойылған және орнықты органикалық ластағыштарды (ООЛ) жоюға, оларды пайдалану мен өндіруді шектеуге бағытталған халықаралық келісім. Алдымызда болатын Конвенция жиналысында қалдықтардағы ООЛ-дың шекті көлемін анықтау бойынша шешім қабылданады. Мысалы, Қазақстандағы тауық жұмыртқасынан жоғары деңгейде табылған гексабромциклододекан (ГБЦД) деңгейі туралы. Стокгольм конвенциясы Тараптарының Конференциясының сегізінші жиналысы 2017 жылдың 24 сәуірі мен 5 мамыры аралығында Женевада (Швейцария) Базель Тараптары Конференциясы мен Роттердам конвенциясы жиналысымен бірге өтеді. Толығырақ: толығырақ
7) Бромдалған антипирендер химиялық заттардың үлкен тобын құрайды,олардың кейбіреулері Стокгольм конвенциясы тыйым салған тізімге кіреді. Толық ақпарат: толығырақ
Түйе сүті мен тауық жұмыртқасын зерттеу туралы толық ақпарат
Түйе сүтінің сынамасы
Не анықталды?
Ферменттелген түйе сүтінің үлгілері ретінде Маңғыстаудың әр түрлі алты нүктесінен сынама алынды және органикалық химиялық заттар мен ауыр металдар қатысына сарапталды. Нәтижелері алдында қазақстандық сарапшылар жүргізген зерттеулермен салыстырылды. ПХД мен мырыш қатысу деңгейі кейбір сынамаларда өте жоғары. Полихлорланған дифенилдер қатерлі ісік ауруларын қоздырады, бауыр мен репродуктивті жүйенің зақымдануына әкеліп соқтырады. Мырыш – анемия мен ұйқы безінің зақымдануын тудырады.
«Біз Маңғыстау облысының кей аймақтарындағы балалар ауруларының ұлғаюын байқап отырмыз. Бұның барлығы өндірістік ластанған ортаға ұзақ уақыт жақын орналасу әсері екендігі сөзсіз», - дейді Кирилл Осин, «ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес ұйымының директоры.
2000 жылы болған итбалықтардың жаппай қырылуының себебі – Каспий теңізінің ластануы болуы әбден мүмкін. 15 000 артық итбалық қырылды, оның ішіндегі 10 000 артығы Солтүстік Каспийге тиесілі. Қырылу себебі ретінде «ит обасы» вирусы, оған қоса ортаның ластануы және жануарларға ластанған қоршаған ортаның ұзақ әсері деген пікірлер айтылды. Жануарлар денесінен табылған ПХД, ДДТ, хлордан, ГХБ мен ауыр металдар (мысалы, мырыш) олардың ұрықтануы мен басқа физиологиялық қызметтеріне әсер еткені анық.
Денсаулықты қалай қорғауға болады?
Мен - малшымын
- Мен сенімдімін, менің түйелерім таза шөп жеп, таза су ішеді – таза жайылымда жайылады.
- Мен түйелерімді қауіпті әрі ластанған жерлерге, мысалы, өндіріс нысандары, уран карьерлерінің үйінділері, қалдықтар көмілген, сақталған аймақтарға жаймауға тырысамын.
- Мен түйелерімнің не жегенін қадағалап отырамын, қоқыс контейнерлеріне жолатпаймын, себебі, мен ертеңгі күні сол қалдықтардың тұтынушысы болатынымды түсінемін.
Мен - тұтынушымын
- Мен сатушыдан сүт өнімдерінің қайдан қойылатынын сұрап білемін.
- Мен ластанған аудандарда өндірілген өнімді сатып алмаймын.
- Егер мен түйелердің ластанған аймақта жайылып жүргенін, не қалдықтарды жеп жатқанан көрсем, оны суретке түсіріп, ол туралы уәкілетті органдарға: жергілікті әкімшілікке немесе тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне хабарлаймын.
Жергілікті билік органдары не істеу керек?
Қимылдау керек! Қауіпті зоналарды қоршау, рұқсатсыз үйінділерді жою, қалдықтарды басқару жүйесін тиімді ұйымдастыру, табиғат қорғау заңнамасын сақтауды қадағалау.
Үкіметтік деңгейде қалай әрекет ету қажет?
Бірінші кезекте, ПХД және онымен ластанған учаскелерді толық инвентаризациялау қажет, содан кейін ластанған территорияларды тазалау мен қалпына келтіру жұмыстары мен ескірген ПХД майларды жоюдың жоспарларын жасау керек. Қауіпсіз тазалау мен қалдықтарды дұрыстап кетіру – тұрғындар денсаулығы үшін қатты қатерлерді болдырмаудың жалғыз жолы. Сонымен қатар, түйе сүтінен жоғары деңгейде табылған, дегенмен қауіпсіз полициклды хош иісті көмірсутектер арқылы ластануды болдырмауды бақылау мен алдын алу қажет.
«Пайдаланылып жүрген технологиялар тәжірибесі мен халықаралық Стокгольм конвенциясының талаптарын негізге ала отырып, ПХД-сұйықтар мен ПХД-мен ластанған қалдықтарды жоюда оларды жағуды пайдаланбайтын технологияларды қолдануды ұсынамыз, - дейді Jindrich Petrlik.
Тауық жұмыртқасының сынамасы
Не анықталды?
Тауық жұмыртқасының сынамасы Орталық Қазақстанның жеті нүктесінен және Маңғыстау облысының үш елді мекенінен алынды. Балқаш қаласынан алынған жұмыртқа сынамасындағы қатты улы диоксиндер мен диоксин тектес заттардың жоғары деңгейі – қаланың қоршаған орта жағдайының нашарлығының дәлелі. Таң қаларлығы, ірі құс фермасы өндірген, Қарағандының бір супермаркетінен сатып алынған жұмыртқа сынамасынан бромдалған антипиреннің жоғары концентрациялық деңгейі анықталды.
арапшылар бұрыннан сарапталған гексабромциклододекан (ГБЦД) концентрациясы деңгейлерінің ішіндегі ең жоғары деңгейді анықтағандарын хабарлады. «Біз Шетпе аулынан алынған жұмыртқа сынамасынан, біздің білуімізше, ГБЦД концентрациясының бұрын жасалған сараптамалар ішіндегі ең жоғары деңгейін анықтадық. Бұл химиялық заттар өнеркәсіптік өндірісте қолданылмағандықтан, Қазақстанның қоршаған ортасында үнемі бақыланбайды, дегенмен олар антипирен ретінде импортталған тауарларда, мысалы, автомобильдер мен полистирольді изоляция түрінде кездеседі», - дейді Jindrich Petrlik, «Арника» үкіметтік емес ұйымының улы заттар бойынша сарапшысы және жаңа зерттеулердің негізгі авторы. Маңғыстау облысының жұмыртқа сынамаларында, сонымен қатар, тыйым салынған хлорорганикалық пестицидтердің (ХОП) жоғары деңгейі анықталды.
Денсаулықты қалай қорғау керек?
Мен – тауықтардың иесімін
- Мен үй айналасының тазалығын қадағалаймын, үй маңайында ескі автомобиль сынықтарының жатуына жол бермеймін.
- Мен тауықтардың асқазанына түспес үшін, тауық қораларды оқшаулау үшін полистироль материалдарын пайдаланбаймын.
- Мен құстардың конденсаторлар мен трансформаторлардан аққан майлар төгілген жерлерге бармауын қадағалаймын.
- Мен қолданылған трансформатор майларын, мысалы, термиттермен күреске пайдаланбаймын.
- Мен хлорорганиклық пестицидті немесе хлорорганикалық пестицидтер көп себілетін мақта өсіру алқаптарына жақын жерлерде өсірілген азықты құстарыма сатып алмаймын.
- Егер мен әлеуетті ластану аймағына жақын тұрсам, мысалы, металлургиялық немесе цемент өндірісінің қалдықтарын жағу орындарына жақын, онда мен тауықтарыма арнайы қалқа жасаймын.
Үкіметтік деңгейде қалай әрекет ету қажет?
- Қауіпті химиялық заттары бар тауарларды шектеу.
- ПХД инвентаризациялау мен ООЛ ластанған аймақтарды инвентаризациялауды аяқтау.
- Ластанған аймақтарды тазалау мен қалпына келтіру жұмыстарын бастау.