Конференцияда климаттық өзгерістер мен білім беру саласында халықаралық және жергілікті сарапшылар, зерттеушілер, педагогтар, саясаткерлер мен белсенділер кездесіп, өз идеяларымен және тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар өз идеялары мен тәжірибелерімен бөлісіп, климаттық өзгерістер мәселелері бойынша білім беруді аймақта жеделдету мен тиімді енгізуге бағытталған ұсыныстар әзірледі.
Қарағанды облыстық Экологиялық Мұражайының өкілі, білім беру бағдарламаларының координаторы Ирина Игнатович конференцияда “Қазақстандағы жастарды климаттық өзгерістер мәселелеріне тарту” тақырыбында баяндамасын ұсынды.
Ирина ЭкоМұражайдың экобілім беру және климаттық өзгерістер мәселелері бойынша жұмысы туралы айтып берді. Оның ішінде “КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БІЗДІҢ ЖАУАП” бастамасы, бұл бастама “Қарағанды облысында климаттық өзгерістердің салдарын жұмсартуда азаматтық қоғамның қатысуы” жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба чехиялық “Арника - Азаматтарды қолдау орталығы” қоғамдық ұйымымен серіктестікпен және Еуропалық Одақ (ЕО) қаржылық қолдауымен “Азаматтық қоғам ұйымдары мен жергілікті билік. Қарағанды облысында климаттық өзгерістердің салдарын жұмсартуда азаматтық қоғамның қатысуы” бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл бастаманың маңызды нәтижелерінің бірі “КЛИМАТ ӨЗГЕРУДЕ - БҰЛ МАҒАН ҚАТЫСТЫ” атты онлайн курс болып табылады, оны климаттық өзгерістер тақырыбы қызықтыратын кез келген адам өтуі мүмкін. Курсты мына сілтемеден табуға және өтүге болады: https://climatechange.ecomuseum.kz/
Конференцияда Петр Франкопанның (Peter Frankopan) “Жер қалай өзгерді: айтылмаған тарих” (“The Earth Transformed: An Untold History”) атты қызықты кітабының таныстырылымы өтті. Айтпақшы, адамзаттың ғасырлар бойы климаттың өзгеруіне қалай бейімделгені туралы әңгімелейтін кітапты еліміздің кітап дүкендерінен сатып алуға болады.