04. 6. 2024 – Казахстан

Болашақтың климат қаһармандарына арналған бояу кітабы

Ecostan News және ЭкоМузей Қазақстандағы алғашқы климаттық бояуды жариялады. Жас қолданушылар бояудан өздігінен бояуға арналған 10 постер табады. Постерлерде ас қазақстандықтарға және олардың отбасыларына экологиялық таза болуға көмектесетін қарапайым кеңестер бар.

Бояу екі тілде шықты: қазақша және орысша. Электрондық нұсқасын жүктеп алуға болады: қазақ және орыс тілдерінде. Баспа және электронды нұсқалары тегін таратылады.

«Қарағанды облысындағы климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдетуге азаматтық қоғамның қатысуы» жобасын қолдаудың арқасында бояу беттерін әзірлеу және басып шығару мүмкін болды. Бұл жобаны Экомузей Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Арника – азаматтарды қолдау орталығы» Чех қоғамдық ұйымымен серіктестікте жүзеге асыруда.

 

 

Қазақ тіліне аударған: Маликова Дильназ Арманқызы.