Бұл күннің мақсаты – қоғам мен үкіметтерге таза ауаны сақтау, экологиялық таза технологияларды енгізу және ластануға қарсы күрес шараларын қабылдаудың маңыздылығын еске салу. Әрбір адам ауаның сапасын жақсартуға өз үлесін қоса алады, мысалы, қоғамдық көлікті пайдалану, энергияны үнемдеу және жасыл желектерді күтіп ұстау арқылы.
Осы күні Қарағанды облыстық Экологиялық Музейі Чехия Республикасындағы «Арника» ҮЕҰ-мен бірге Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Қарағанды облысындағы климаттық өзгерістердің салдарын жұмсартуға азаматтық қоғамның қатысуы» жобасы аясында «Қазақстандағы ауа ластануы: ғарыштан қарағандағы көрініс» есебін дайындағанын еске салғымыз келеді. Есеп 2023 жылы шыққанына қарамастан, ол әлі де өзекті.
Зерттеуде «Коперник» ЕО-ның Атмосфераны бақылау қызметінің спутниктік суреттеріне негізделген мәліметтер келтіріліп, Қазақстанның ең ластанған аймақтары мен ірі ауа ластаушы көздері көрсетілген.
Оны орыс және ағылшын тілдерінде «Публикациялар» бөлімінде мына сілтеме арқылы көруге болады:
https://ecocitizens.kz/publications/zagryaznenie-vozdukha-v-kazakhstane-vid-iz-kosmosa
Қазақ тіліне аударған: Маликова Дильназ Арманқызы.