07. 6. 2024 – ҚАРАҒАНДЫ

Қарағандыда Дүниежүзілік қоршаған орта күні мен экологтар күні атап өтілді

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні (World Environment Day) жыл сайын 5 маусымда атап өтіледі. Қарағанды облыстық Экологиялық Мұражайы бұл күнді «Климат өзгеруде - бұл маған қатысты» ұранымен өткізді.

Мұражай алдындағы алаңда «Климаттың өзгеруі: экраннан тыс» фотокөрмесін көруге болады. Сондай-ақ, мереке қонақтары "Жаңартылатын энергия көздері" тақырыбындағы мастер-класстарға және қызықты эко ойындарға қатысты, онда көміртегі ізінің не екенін және СО2 килограмы қанша орын алатынын білді…

Сондай-ақ іс-шарадан толық фоторепортажды қараңыз:  

https://ecocitizens.kz/photogallery/den-eco