«Радость» қайырымдылық дүкенінің директоры, әлеуметтік кәсіпкер Меруерт Аргимбаева бізбен фильмнен алған әсерімен бөлісті:
Фильмде климаттың өзгеруі туралы айтылады, және де түрлердің жаһандық жойылу тақырыптары қозғалады. Сонымен қатар, адамдардың планетаның өліміне жол бермеуге қалай тырысатыны туралы айтылады. Фильм 7 жыл бұрын шықса да, мен қарапайым қазақстандыққа қарағанда жаһандық жылыну туралы көбірек білетінімді ескергеннің өзінде, фильм маған қатты әсер етті!
Фильмді түсірушілер, бұл мәселеде ешкім сыртта қалмайтынын көрсетуде тамаша жұмыс жасады. Қазіргі танда жаһандық жылынудың салдарын Жер планетасының барлық тұрғындары сезінуде.
Көрсетілімнен кейін тағы бір сағат Қарағандыда апаттың алдын алу үшін не істей алатынымыз жайлы қызу талқыладық. Соңында барлығымыз саналы өмір салтын жалғастыруымыз керек деген қорытындыға келдік. Және де туыстарымыз бен достарымызды бізден үлгі алуға табанды түрде шақыруымыз қажет!
Мен, өз тарапымнан қазақтың бірнеше танымал youtube жұлдыздарына облысымыздың экологиялық мәселелері жайлы айтуды сұрап хат жазуды жөн көрдім. Оған қоса, менде тағы бірнеше идеяларым бар... :-) Маған бұл формат қатты ұнады: экология туралы фильмді Экомұражайдың ең қызықты залында, пікірлестердің ортасында, тіпті тәттілермен бірге көрген тамаша. Бұл фильмді жақындарыңызбен, бүкіл отбасыңызбен міндетті түрде көріңіз!
«Экомұражай» директоры Айгүл Маликова да фильм туралы өз ойымен бөлісті: «Бұл фильмді көргеннен кейін менің негізгі ойларымның бірі, бұл фильм теңдесі жоқтығы туралы: Ди Каприо мен Обама, пальма майы мен Калифорниядағы су тасқыны, жаңбырлы ормандар мен мұхиттардың жылынуы, Азиядағы көмір жағу және мұхиттарда ағарып, өліп жатқан рифтер және тағы басқалары таңқаларлық заттар.
Мен 20 жылдан астам тәжірибесі бар экологпын және, әрине, мен климаттың өзгеруі туралы білемін, бірақ бұл фильмді көргенде мен бұл проблемамен, қазіргі адамзаттың күнделікті өміріндегі өзекті мәселесімен бірінші рет танысқандай болдым.
Өте ерекше, бірақ сонымен қатар тақырыптың қарапайым презентациясы, әрқайсымыздың түсунуімізге емес, ұғынуымызға қиын. Фильм бұл мәселенің жаһандық сипаты туралы түсінік береді - климаттың өзгеруі қазірдің өзінде әсер етіп жатыр және әлі де планетадағы барлық тіршілік иелеріне әсер етеді - қашып құтылатын жер жоқ.
Сондай-ақ фильм үміт, кішкентай болса да бірақ үміт қалдырады және әрқайсымыз жасай алатын қарапайым қадамдар тізбегін береді. Мен фильмнің ең үлкен құндылығын осында көремін.
Менің ойымша фильмнің мүлдем сәтсіз атауына қарамастан, фильмнен жеке өзім түйіп алған ойым: «Планетаны құтқару қозғалысына қосыл - бұл шынымен сенің қолыңда»
Мен кез келген жастағы аудиторияға көруге кеңес беремін, өйткені қазір айтатындай- тіпті 6-7 жастағы балаларға да «кіреді». Және де фильм ұсынған қадамдарды орындаймыз – бұл әрқайсымыздың үлесіміз болмақ!
Қазақшаға аударған: Ерболқызы Дильназ.