«Жергілікті мәселелерді жергілікті халық әрқашан-да жақсы біледі. Біз қоршаған ортасын өздері және өздерінің балалры үшін сақтап қалғысы келетін белсенді адамдардың қуаты мен тапқырлығына сенеміз. Біздің шағын гранттар бағдарламамыз белсенді азматтарға керекті заттардың ең соңғысы «ақшаны» береді, соның арқасында олар өздерінің көршілерін шешім қабылдау процессіне қатыстырып және жауапты мемлекеттік органдардың назарын аудару үшін сарапшылар немесе ақпараттық материалдар үшін төлей алады,» - дейді Мартин Скальский, Арника жобасының үйлестірушісі.
«Қоршаған орта азаматтардың көбісімен басты мәселе ретінде қабылданбайды. Сонымен қатар біздің бюджетіміз шектеулі және әрбір команда қолдауға лайықты мәселені таңдады. Бізді белсенді азаматтардың дайындаған жобаларының көптігі қуантады. Осыны іске асыру барысында біздің сарапшылар жергілікті топтарға науқандарын жоспарлауда, жариялауда немесе ластауға қарсы күресте және басқа да қиын экологиялық мәселелрді шешуде қосымша көмек көрсетед,» - деп сендірді Кирилл Осин, Эко Маңғыстаудың шағын гранттар менеджері.
Жалпы алғанда, 16 жоба шағын гранттар бағдарламасына ұсынылды. Жобалар шамамен алғанда 35 мың адамның денсаулығына және сирек жануарлар түрлеріне қатер төндiретiн экологоиялық мәселелерді шешуге көзделген және әйелдер, жасөспірімдер және ауыл тұрғындарына айрықша назар аудартып азаматтарды қатыстырады. Жобаларды іске асыру үшін қаржылық қолдаудың жалпы сомасы 40 000 Евродан асты. Белсенді азаматтар әлі күнге дейін өз жоба идеяларын жіберіп бюджетте қалған қол жетімді сомаға бәсекеге түсе алады.
Қосымша ақпарат алу үшін, мында кіріңіз: http://ecocitizen.kz/grant
Бес шағын грант жобасы жақында Орталық және Шығыс Қазақстанда сәтті аяқталды. Қосымша ақпарат алу үшін, мында кіріңіз: http://english.arnika.org/kazakhstan/small-grants-programme
Қосымша ақпарат алу үшін, мында хабарласыңыз: Вратислав Возник (Арника): электрондық пошта арқылы: vratislav.voznik@arnika.org, ұялы байланыс +420 606 727 942, немесе Кирилл Осин (Эко Маңғыстау), электрондық пошта арқылы: osinkirill@gmail.com, ұялы байланыс: +7 701 415 3161, немесе Карла Жаманкулова, Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігінің баспасөз хатшысы, электрондық пошта арқылы: karlygash.jamankulova@eeas.europa.eu, тел.: +7 (7172) 97-11-48:
Қосымша:
Шағын гранттар бағдарламасы аясында қолдау үшін таңдалған жобалар
Коммуналдық қалдықтар полигонының қоршаған ортаға қатерлі әсерінен Басқұдық азаматтарын қорғау
Бәйшешек / Басқұдық
Ластану құрбандарының шамалап алғандағы саны: 24,000 адам
Басқұдық облыстағы ең жас кент, ол 10 жыл бұрын ғана өсе бастады. Оның Қошқар Ата уран қалдық қоймасы мен Ақтау қалалық коммуналдық қалдықтар полигонының арасында орналасуы ауыр экологиялық жүктемені көрсетеді. Ескі тұрмыстық қалдықтарды сақтау полигоны бірнеше жыл бұрын ресми түрде жабылған, өйткені ол гигиеналық және техникалық стандарттарға сәйкес келмейді. Алайда, әкімшілік әлі күнге дейін басқа қалдықтарды кәдеге жарату объектісін белгілен жоқ, сондықтан жарамасыз полигон өз жұмысын жалғастыруда. Жоба аясында, барлық тиісті құжаттама жиналады, және тұрғындар қазіргі жағдай туралы хабардар болады. Тұрғындар облыстағы қалдықтарды үлестіру жоспарын дайындауға, жаңа қалдықтарды кәдеге жарату зауытының орналасатын жері мен технологиясы туралы шешім қабылдауға, және Басқұдық үшін жергілікті қалдықтарды үлестіру схемасын әзірлеуге қатысады.Қоқыстардың пайда болуының алдын алу, оларды бөлу, қайта пайдалану және кәдеге жарату тұрғындар арасында кеңінен насихатталады.
Мекеніміздің экологиясы біздің қолымызда!
Жас Дәурен / Басқұдық
Ластану құрбандарының шамалап алғандағы саны: 24,000 адам
Басқұдық, облыс астанасы Ақтаудың тез өсіп келе жатқан қала маңы, тұрғындары оның нашар экологиясынан зардап шегеді. Өсімдігі сирек қала – өте шаңды, және қалдықтарды үйлестірудегі нашар жұмыс қоқыстануға және бос жер учаскелеріне заңсыз қоқыс тастауға әкеп соғады. Жоба аясында, белсенді халық кішкентай ағаштарды тегін алуға бірегей мүмкіндікке ие болады, сондықтан олар өздерінің аулаларын гүлдендіре алады. Демек, оқушылар мен студенттерге насихат етуді қоса алғанда, үй шаруашылығындағы органикалық қалдықтарды қайта өңдеу артықшылықтарын түсіндіру үшін ақпараттық науқан жүзеге асырылатын болады. Құмды құнарсыз топырақты жерде, халық өзінің компостын өндіре алады. Тұрғындарды өздерінің қоршаған ортансын жақсартуға ынталандыру үшін «Жасыл аула» конкурсы жарияланатын болады. Басқұдықты жасыл және таза қылту мүмкіндіктері жергілікті әкімдікті қоса алғанда жауапты органдардың қатысуымен қоғамдық тыңдауларда талқыланатын болады.
Құрық қаласының қоршаған ортасын жақсарту
Ажар ай / Құрық
Ластану құрбандарының шамалап алғандағы саны: 11,000 адам
Құрық қаласы 40 жыл бұрын құрылған, және оның инфрақұрылымы қажетті инвестицияларсыз қазіргі уақытта апатты жағдайда болып табылады. Ең нашар жағдайда көрші бастауыш мектебінің ауласын ластайтын канализациялық құбырыдың ағуы. Тұрғындар, сондай-ақ, нашар қоқыстарды үйлестіру жұмысынан зардап шегеді. Контейнерлердің болмауы себебінен тұрғындар жиі қаптардағы қоқыстарды көшелерінде тастап кетеді. Ұй жануарлары сол қоқыстарды қаптарын жыртып жейді, және қалдықтарды бүкіл қала ішінде шашады. Азаматтарды пікірін біліп ең ұшықты мәселелер шешімін жүзеге асыруға қатыстыру үшін қоғамдық сауалнама және ақпараттық науқан ұйымдастырылады. Әйелдер мен мектеп оқушыларына айрықша назар аударылады. Парасатты шешім табу үшін мемлекеттік органдар мен сайланған депутаттарымен келіссөздер жүргізілетін болады. Сонымен қатар тұрғындар қоршаған ортаны жақсарту үшін келесі жылға арналған қалалық бюджет жобасын әзірлеу және үлкен инвестицияларды тарту шараларына қатысады.
Ақбөкен мүйіздерін заңсыз сатуға қарсы ақпараттық науқан
Қолдау Қазақстан / Ақтау
Жоба Маңғыстау облысының бүкіл аумағында жүзеге асырылатын болады
Үстірт қыратында тұратын ақбөкендер Қазақстандағы жалғыз популяция. Үкіметтің іске асырып жатқан қорғау бағдарламасына қарамастан оның саны ұдайы азаюда. Басты себебі дәстүрлі медицинада пайдалану үшін заңсыз түрде Қытайға сатылатын ақбөкеннің мүйізіне сұраныс. Тек соңғы 2000 ақбөкен аман қалды. Ақбөкендердің жойылуы шөл экожүйесіне ғана жағымсыз әсерін тигізе отырып, соңында шектеулі жайылымдардың сарқылуына әкеп жергілікті ауыл шаруашылығына зақым келтіреді. Қалалардың көшелерінде үнемі ақбөкеннің мүйізін сатып алуды ұсынатын жарнамалар пайда болады. Жоба аясында, ақбөкенді қорғау жөніндегі және оның мүйізін сатудың қылмыс екендігі туралы ақпаратты ұсынатын плакаттар басып шығарылып қоғамдық орындарда орналастырылады. Ақпараттық науқан аңшыларды ақбөкенді өлтіруден, басқаларды олардың мүйіздерін сатып алудан айныту үшін, ал мемлекеттік органдарды заңсыз аң аулауды қатаң жазалау үшін іске асырылады.