23. 10. 2024 – Астана

Еуропалық Одақ жобасы Қарағанды облысында климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейту үшін жергілікті қоғамдастықты қолдайды

АСТАНА/ПРАГА - Бүгін Астанада (Қазақстан) Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Қарағанды облысындағы климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдетуге азаматтық қоғамның қатысуы» жобасының қорытынды конференциясы өтті.

Жоба Париж келісімі бойынша еліміздің өз ұлттық міндеттемелерін орындауына ықпал ете отырып өңірдегі климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейтті. Прогресске азаматтық белсенділер, сарапшылар және мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықтың арқасында қол жеткізілді.

"Климаттың өзгеруі - жаһандық төтенше жағдай. Бізге шығарындыларды азайту, энергетикалық секторларымызды көгалдандыру және экологиялық мәселелерді шешу жөніндегі дәйекті саясаты бар жылдам және түрлендіруші іс-әрекеттер қажет. Еуропалық Одақ пен Қазақстан 2050 және 2060 жылдарға қарай парниктік газдардың шығарындыларын нөлге жеткізуге міндеттенді. ЕО-да біз өзімізге климаттық мақсаттарымызға қол жеткізу бағытын сақтап қалуға, экономикамызды декарбонизациялауға және ортақ климаттық мақсаттарға қол жеткізу үшін біздің серіктестерімізбен тығыз ынтымақтастыққа толығымен міндет алдық. Осы жоба аясында біз Қарағанды облысындағы белсенділер мен жергілікті билік органдарына климаттың өзгеруіне бейімделу және әсерін азайту бойынша нақты шаралар әзірлеуге деген ұмтылыстарын қолдауға қуаныштымыз", - деп атап өтті Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі жоғары мәртебелі Алешка Симкич ханым.

«Қарағанды облысы Қазақстанда бірінші болып климаттың өзгеруіне әсерлерді азайту және бейімделу саясатын әзірлеп жатыр. Бұл бүкіл ел үшін маңызды қадам, біздің жалпы жаһандық күш-жігерге деген адалдығымызды білдіреді. Бұл үрдісте бізге тәжірибелерімен бөліскен еуропалық серіктестердің қолдауы маңызды рөл атқарды», - деп түсіндірді «ЭкоМұражайдың» даму жөніндегі директоры Дмитрий Калмыков.

Жоба сарапшылары парниктік газдарды есепке алу жүйесіне және парниктік газдар шығарындыларының негізгі көздеріне талдау жүргізді, олардың нәтижелері болашақта жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Жоба азаматтық белсенділерге аймақ деңгейінде стратегиялық құжаттарды әзірлеуге кірісуге мүмкіндік берді. Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың қолжетімді тәсілдерін көрсететін тәжірибелік жобалар (энергия тиімділігі, баламалы көлік, суару, ғимараттар мен аумақтарды көгалдандыру салаларында) іске асырылды.

Климаттың өзгеруі мәселелерін БАҚ тақырыптарына және мектеп бағдарламасына енгізу жұмыстары ауқымды жүргізілді (семинарларға 350-ден астам мектеп мұғалімдері қатысты). Жобаның қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық науқан, оның Ішінде жарияланымдар, мақалалар, бейнероликтер, фотокөрмелер, дәрістер мен пікірталастар 200 мыңнан астам адамды қамтыды, бұл жұртшылықтың климаттың өзгеруі тақырыбы жайында хабардарлығын едәуір арттырды.

Жобаны "Арника" ҮЕҰ (Чехия Республикасы) және "Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы" ҚБ жүзеге асырады. Жобаның ұзақтығы: 2022 жылғы наурыз - 2024 жылғы қазан, жалпы бюджет: 288 325 Еуро; Оның ішінде: 250 000 Еуро – ЕО үлесі.

KZ souměrné 1b734

 Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыстар бойынша хабарласыңыз:

Ирина Игнатович, irina.ignatovich@ecomuseum.kz , 7 (7212) 41 33 44, +7 705 759 99 09; Мартин Скальский, martin.skalsky@arnika.org, +420 775 168 026 немесе Еуропалық Одақтың Қазақстан Репсубликасындағы өкілдігімен хабарласыңыз, delegation-kazakhstan-pic@eeas.europa.eu