05. 6. 2024 – Караганда

Еуропа күніне орай фестиваль – EuroFest2024

1 маусымда Астанада Еуропа күніне орай фестиваль - EuroFest2024 өтті. 

EuroFest2024 – бұл халықтар арасындағы бірлікті, әртүрлілікті және достықты атап өту мүмкіндігі. Фестиваль қонақтары Еуропалық Одақ елдерінің мәдениетімен, халық қолөнерімен, экономикасымен және тағамдарымен танысты. Сондай-ақ, фестивальде Қазақстан мен Орталық Азиядағы Еуроодақ қаржыландыратын жобалар ұсынылды. Мерекеде Француз әндерін тыңдауға, испан фламенкосын көруге және билейге мүмкіндік болды. Бағдарламада балаларға арналған отбасылық іс-шараларға, ойындарға және ойын-сауыққа маңызды орын берілді.

Қарағанды облыстық Экологиялық Мұражайы EuroFest 2024 фестиваліне қатысты. Ұйым өкілдері Еуропалық Одақтың «Арника - азаматтарды қолдау орталығы» қаржылық қолдауымен Чех қоғамдық ұйымымен серіктестікте ЭкоМузей іске асыратын «Қарағанды облысындағы климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдетуге азаматтық қоғамның қатысуы» жобасы туралы айтып берді.

Біздің стендтің жанында қонақтар температуралық ауытқулар, Қазақстандағы орташа температура қалай өзгеретіні, тауарлардың, әртүрлі елдердің және жеке тауарлардың «көміртегі ізі» туралы білді. «Климаттың өзгеруі: экраннан тыс» фотокөрмесін тамашалады.

Балалар «Жаңартылатын энергия көздері» тақырыбында эко-ойындар мен шеберлік сыныптарына қатысты. Фестивальде Қазақстандағы алғашқы «Болашақтың климаттық қаһармандары» атты климаттық бояу парағы таныстырылды, онда жас пайдаланушылар жас қазақстандықтар мен олардың отбасыларына экологиялық таза болуға көмектесетін қарапайым кеңестерді білді.

Фоторепортажды қараңыз: https://ecocitizens.kz/photogallery/eurofest2024-photo 

 

Қазақ тіліне аударған: Маликова Дильназ Арманқызы.