10. 6. 2022 – ҚАРАҒАНДЫ

Еуропалық Одақ Қазақстандағы климаттың өзгеруі мәселесін шешуде азаматтық қоғамды қолдайды

СУРЕТ: Арника / Мартин Плочек СУРЕТ: Арника / Мартин Плочек СУРЕТ: Арника / Мартин Плочек

ҚАРАҒАНДЫ — Бүгін Қарағанды қаласының «ЭкоМұражай» қоғамдық бірлестігі Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасымен халықты және экономиканы қорғау үшін климаттың өзгеруінің өңірлік стратегиясын әзірлеу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсімі аймақтағы климаттың өзгеруі туралы хабардарлықты арттыру және атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын азайту шараларын жүзеге асыруға бағытталған Еуропалық Одақтың «Азаматтық қоғамның климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдетуге  қатысуы» жобасы ұйымдастырған дөңгелек үстелде өтті.

Еуропалық Одақтың (ЕО) Қазақстандағы Өкілдігінің қызметкерлері, жергілікті билік органдары мен азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері осы процеске азаматтық қоғамды, әсіресе жастарды тарта отырып Париж келісімі бойынша Қазақстанның міндеттемелерін жергілікті іс-шараларға айналдырудың практикалық жолдарын талқылады.

Йоханнес Стенбаек Мэдсен, ЕО Қазақстандағы Өкілдігінің ынтымақтастық бойынша басшысы, шараға қатысушылар алдында өз сөзінде: Еуропалық Одақ Қазақстанды орталықсыздандыру және «жасыл» ауысу мәселелерінде қолдайтындығын айтты. Процесс ашық, сенімді және ешкім сыртта қалып қоймауы үшін азаматтық қоғамды тарту өте маңыздылығын айтты.

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серіков Нұрбек Нұржанұлы былай деп қосты: Экологиялық мәселелер біздің аймақ үшін, әсіресе, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалаларында өзекті. Жыл сайын облыс кәсіпорындары атмосфераға 600 мың тоннадан астам ластаушы заттарды шығарады. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми-зерттеу орталығы жариялаған Қазақстанда климат жағдайы мен оның  өзгеруіне мониторинг жүргізуге арналған жыл сайынғы бюллетеньге сәйкес (2020 жыл), облыстағы орташа температура, қалыптан тыс температура және басқа да төтенше  ауа райы жағдайларының саны тіркелді.  Біз CO2 және басқа да парниктік газдардың ауаға  тарауын азайту үшін жасыл технологияларды енгізу экономикамызды жаңғыртуда сөзсіз қажет екенін сеземіз».

Мартин Скальски, «Арника» төрағасы оның сөзін қолдады: «Еуропалық Одақтың кейбір өңірлері, қалалары мен елді мекендері климаттық өзгерістермен күресу бойынша сәтті шаралардың мысалы бола алады. Біз сарапшылар және муниципалитеттермен бірге  Қазақстан үшін анағұрлым маңыздырақ болатын  шаралар мен озық тәжірибелерді анықтап, оларды жүзеге асыруға көмектесеміз».

«Біздің Жоба Париждік климаттық келісім бойынша Қазақстанның халықаралық міндеттемелері мен оларды жергілікті деңгейде жүзеге асыру арасындағы алшақтықты толтыруға арналған. Біз халықаралық тәжірибені қазақстандық билік органдарының жұмысына енгізетін боламыз», - деп түйіндеді сөзін ЭкоМұражайды дамыту жөніндегі директоры Дмитрий Калмыков.

ЕО қаржыландыратын жобаны «Арника» және ЭкоМұражай қоғамдық ұйымдары жүзеге асырады.

Жобаның ұзақтығы: 30 ай (Наурыз 2022 — тамыз 2024).

Жобаның жалпы бюджеті: 288,325 Еуро, оның ішінде ЕО-ның салымы 250 000 Еуро.

 

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыстар бойынша хабарласыңыз: 

Мартин Зелинка, martin.zelinka@arnika.org, +420 720 208 217;

Ирина Игнатович, irina.ignatovich@ecomuseum.kz, +7 7212 50-45-61 (62), +7 705 759-99- 09;

немесе Еуропалық Одақтың Қазақстан Репсубликасындағы өкілдігімен хабарласыңыз  elegation-kazakhstan-pic@eeas.europa.eu

 

Loga.png