29. 12. 2022 – Казахстан

Қарағанды облысында Жасыл кеңес қайта құрылды!

Жылдың соңындағы тамаша жаңалық.  Қарағанды ​​облысында Жасыл кеңес құрылды!  2022 жылғы 30 қарашада «Қарағанды ​​облысының қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамыту жөніндегі Жасыл кеңесті құру туралы» No 169/1 бұйрығына табиғи ресурстар және реттеу басқармасының басшысы қол қойды.

Кеңес құрамына уәкілетті, өкілді және жергілікті атқарушы органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, ғылыми, білім беру және бизнес ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ журналистер мен Қарағанды ​​қаласының белсенді тұрғындары кірді.

ЖАСЫЛ КЕҢЕСТІҢ МАҚСАТТАРЫ:

 - Экологиялық мәселелерді талдау.

 - бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен қоршаған ортаны қорғау, орман және су ресурстарын дамытудың бағдарламаларын, жобаларын, іс-шараларын және басқа да бағыттарын қаржыландыру мәселелерін қарау.

 - табиғатты қорғау қызметіндегі басым бағыттарды анықтау, аймақ экономикасының экологиялық қауіпсіз дамуы үшін жағдай жасау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану шараларын қамтамасыз ету.

 - Қарағанды ​​облысының экологиялық жағдайын жақсарту бойынша мақсатты бағдарламалар мен жоспарлар жобаларына консультативтік қолдау көрсетуді жүзеге асыру.

 - Қарағанды ​​облысында қоршаған ортаны қорғау шараларын, іс-шараларды, жобаларды және шешімдерді жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды жинақтау, әзірлеу және енгізу.

- Қоғам мен халықтың экологиялық маңызды ақпаратқа және шешім қабылдау процестеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Жасыл кеңестің шешімдері ҰСЫНЫСТЫҚ сипатқа ие.

Жасыл кеңес туралы толық ақпаратты және қатысушылардың тізімін СІЛТЕМЕДЕН қараңыз.

ЭкоМұражайдан Жасыл кеңес құрамына:

 - Маликова Айгүл, директор,

 - Дмитрий Калмыков, даму жөніндегі директор,

- Игнатович Ирина, білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі.

 Сондай-ақ, әріптесіміз Андрийчук Анна, «Жаңа, экологиялық таза технологияларды енгізу орталығы» қоғамдық қорының директоры

27 желтоқсанда Жасыл кеңестің бірінші жұмыс отырысы өтіп, онда Кеңес жұмысының жалпы мәселелері мен 2023 жылға арналған жоспары талқыланды.

Кеңес төрағасы болып Серіков Нұрбек (Қарағанды ​​облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы) сайланды.  Ал Кеңес төрағасының орынбасары – Дмитрий Калмыков (Қарағанды ​​облыстық экологиялық мұражайы ҮЕҰ дамыту жөніндегі директоры).

 

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласа аласыз:

 

- Мартин Зелинка, martin.zelinka@arnika.org, +420 720 208 217;

- Ирина Игнатович, irina.ignatovich@ecomuseum.kz, +7 7212 50-45-61 (62), +7 705 759-99-09;

- Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың делегациясы, delegation-kazakhstan-pic@eeas.europa.eu.

Қазақ тіліне аударған Ерболқызы Дильназ.

Loga.png
 
Жобаны Еуропалық Одақ қаржыландырады