Қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары (Жасыл Кеңес) Калмыков Дмитрий жоспарды іске асыруға байланысты жетістіктер мен проблемаларға шолу жасады.
Қарағанды облысы Қазақстанда бірінші болып осындай жоспарды әзірледі, бекітті және орындай бастады, оның шеңберінде маңызды экологиялық жобалар сәтті орындалып жатыр, олардың көпшілігі ұзақ жылдар бойы өз сағаттарын күтті. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамадағы олқылықтарға байланысты басым мәселелерді таңдау процесі мен Жоспарларды жыл сайынғы түзету процедурасы реттелмеген және ашық емес, бұл кейбір жобалардың дұрыстығы туралы жұртшылыққа әділ сұрақтар туғызады. Бұл жағдайды түзету үшін Калмыков жұртшылыққа экологиялық және әлеуметтік мәселелердің күрделілігін ескере отырып, қандай іс-шаралардың өзектілігі туралы ұсыныстар дайындайтын тұрақты жұмыс топтарын құру туралы ұсыныс жасады.
Жасыл Кеңестің төрағасы - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов қолданыстағы ұлттық және облыстық жоспарларды, даму индикаторларын, нысаналы көрсеткіштерді және т.б. ескере отырып, қоғамдық консенсус негізінде экологиялық шараларды таңдау туралы Қоғамдық экологтардың идеясын қолдады. Тамыз айының соңына жоспарланған келесі мәжілісте табиғатты қорғау жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп ұсынылады.
Мәжілісте «Қарағанды су қоймалары» ММ қызметі туралы баяндама ұсынылды. «Қарағанды су қоймалары» - Қарағанды облысының су қоймалары мен гидротехникалық құрылыстарын пайдаланумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымы.
Компания өкілдерінің баяндамасынан кейін эколог-активист Павел Подвигин көп жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан және барша қарағандылықтарды алаңдатып отырған мәселені – Қарағандының орталық саябағындағы судың сапасы мен көлдің санитарлық жағдайы, сондай-ақ оны пайдалану мен ұстауға жауапты ұйымның болмауы.
Позиция общественников была поддержана и Нура-Сарысуской бассейновой инспекцией, которая также высказалась о недопустимости уничтожения водного объекта.
Облыс әкімінің орынбасары бұл су қоймасын саябақтар басқармасының балансына беру жөнiнде шешiм қабылданғанын, ақырында көлдi ретке келтiру жұмыстарын қолға алатынын хабарлады.
Сондай-ақ, кеңесте Малая Букпа өзенінің арнасын көшіру және оны құрылыс салушылардың ұсынысы бойынша бетон коллекторына орналастыру жоспарлары қарастырылды. Подвигин құрылыс компанияларының қысқа мерзімді экономикалық мүдделері үшін табиғи су объектілерін бұзуға жол берілмейтіндігі туралы қоғамдық экологтардың жалпы үзілді-кесілді пікірін білдірді. Керісінше, жұртшылықтың ұсынысы бойынша өзен арнасының ландшафты реттеліп, жаяу жүретін жолдармен, жарықтандырылған тұрғындардың демалыс орнына айналуы керек. Қоғам белсенділерінің ұстанымын Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы да қолдап, су айдынын бұзуға жол берілмейтінін айтты.
Қазақ тіліне аударған: Маликова Дильназ Арманқызы.