20. 4. 2017 – АСТАНА/АКТАУ/КАРАГАНДА/ПРАГА

Үкіметтік емес ұйымдардың жобасы Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша демократиялық ұстанымдарды түсінуді арттырды және жергілікті қоғамдастықтарға өз құқықтарын қорғауға көмектесті

Үкіметтік емес ұйымдардың жобасы Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша демократиялық ұстанымдарды түсінуді арттырды және жергілікті қоғамдастықтарға өз құқықтарын қорғауға көмектесті Фото: Majda Slamova/Arnika

Европа Одағының қаржылық қолдауымен үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырған үш жылдық жоба арқасында Маңғыстау облысының мыңдаған тұрғындары қоршаған орта жағдайының жақсаруын байқауда (1). Жоба заңнамалық базаны жетілдіруге, аймақтың қоршаған ортасының ластануы туралы тың ғылыми деректер алуға, қолайлы болашақ үшін күресте жергілікті қауымды қолдауға көмектесті. Дайындалған ақпараттық құралдар мен табысты кампаниялар басқа азаматтар мен мемлекеттік органдарға дем беруі мүмкін – оларды жобаның ecocitizens.kz  сайтынан табуға болады.

«Соңғы үш жыл ішінде азаматтар тарапынан экологиялық проблематикаға деген қызығушылықтың артып отырғанын байқаймыз, бұл мәселе мемлекеттік органдардың да назарынан тыс қалмауда», – дейді чехиялық  «Arnika» үкіметтік емес ұйымының үйлестірушісі Мартин Скальски (Martin Skalsky). «Жоба аясында қомақты сараптау жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, бірінші кезекте, біз жергілікті қоғамдастықтарға олардың нақты проблемаларын шешуге көмектескенімізді ерекше мақтан етеміз», – деп қосты Скальски.

Маңғыстаудағы осындай бастамалардың кейбір мысалдары: Ақтаудағы рұқсат етілген мерзімінен артық пайдаланылып келген және көп жылдар бойы шаңы мен өрті жергілікті тұрғындардың мазасын алып отырған қалалық қалдықтар үйіндісі жабылды. Ақшұқырдағы заңсыз қалдықтар үйіндісі жартылай жойылды. Құрықтағы кәріз жүйесінің жарылуы салдарынан мектеп ауласын су басып кеткен, кәріз жүйесі жөнделді.  Далада заңсыз мұнай қалдықтарын қаттағаны үшін, «Оралэнергоқұрылыс» компаниясына сот шешімімен 671 млн теңгеге айыппұл салынды. Саура мен Ақмыштаудың жасыл оазистері мал жайылымынан қорғау үшін қоршауланып, қоқыс контейнерлерімен қамтамасыз етілді (2).

Жобаны екі ірі қоғамдық Республикалық кампания қолдады. Алматыдағы «Көк-Жайлауды қорғаймыз» кампаниясы көптеген сирек түрлердің, оның ішінде қар қабыланының тіршілік ортасы болып табылатын Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ аймағында тау шаңғысы курортын салуға жол бермеуге тырысуда (3). Қазақстандағы ауасы ең лас қала Павлодарда қоқыс өртейтін завод құрылысы тоқтатылды, себебі оның салынуына қарсы қаланың 100 мың азаматы қарсылық петициясына қол қойды (4). 

Жоба бүкіл Қазақстан бойынша қоғамдық ұйымдарды біріктірді және өзара білім алмасуды қамтамасыз етті. «Біз көп жағдайларда проблемаларды шешудің орнына, «басымызды құмға тығатындығымызға» қарамастан,  экологиялық тұрақты болашақ  ақпаратқа қол жеткізуінсіз, жұртшылықтың шешім қабылдау процесіне кеңінен қатысуынсыз және маңызды мәселелерді талқылаудың ашық кеңістігінсіз мүмкін емес. Осындай болашаққа қарсы бірнеше қадам жасалынды», - дейді Қарағанды Экомұражайынан Анна Андрейчук.

Жоба аясында екі ақпараттық құрал: экологиялық жедел нүктелердің интерактивті картасы мен Қазақстанның ауасын ірі ластаушылардың дерек қоры құрылды. Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері түйе сүті мен тауық жұмыртқасының сынамаларын зерттеу нәтижесінде сарапталды. Азаматтарға арналған ақпараттық жарияланымдар, көрсетілімдер мен тәжірибелік кеңестер болашақта ұзақ мерзімде ecocitizens.kz сайтында қолжетімді болады.

Өкінішке орай, жеңіспен қатар, жобаның әлі шешілмеген, енді ғана көтеріліп жатқан, шешімі болашақта болар проблемалары да жетерлік. «Біз қалдықтарды заңсыз қаттаған бірнеше жерлерді анықтадық. Оларды тазалау уақыт пен қаржыны қажет етеді, бірақ аймақтық билік оларды қазірдің өзінде күн тәртібіне қойды», - дейді «ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің директоры Кирилл Осин. «Тағы бір маңызды мәселе – Үстірт табиғи қорығын кеңейту мен оны ЮНЕСКОның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне номинациялау болып табылады, бұл – біздің болашағымызды өзгертеді, яғни Маңғыстау мұнай өңдеу аймағынан өзінің табиғаты мен мәдениетін сақтаған танымал туристік орынға айналуы мүмкін», - деп түсіндіреді Осин.

Жоба сарапшылары Энергетика министрлігінің Жұмыс тобына қатысты және «Қазақстан-2050 – жасыл экономика стратегиясы» стратегиясына байланысты заңнамаға толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар жасады. Жетістіктердің бірі ретінде жаңа Қоғамдық тыңдалымдарды өткізу ережелеріне жоспарланып отырған әрекеттің қоршаған ортаға кері әсерін тигізу мүмкіндігі бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілгенін атап айтуға болады.

«Азаматтардың құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу –Маңғыстау облысында Орхус конвенциясын тәжірибелік іске асыру» жобасын «ЭкоМаңғыстау» (Ақтау), «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы», «Жаңа, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы» (Қарағанды) және «Арника» (Чех Республикасы) үкіметтік емес ұйымдары жүзеге асырды. Бұл жобаны жүзеге асыруға Европа Одағы 336 120 евро көлемінде қаржы бөлді. Қосалқы қаржыландыруды Чех Республикасының Transition Promotion Programme бағдарламасы жүзеге асырды.


Редакторларға арналған ескертеплер:

1) Жоба туралы толығырақ ақпарат

Жоба туралы

Жоба нәтижесі

Жобаны жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері

Жобаның веб-сайты (ағылшын тілінде)

Жобаның веб-сайты (орыс және қазақ тілдерінде)

2) Мәтінде айтылған Маңғыстау кейстері туралы толық ақпарат: көбірек 

3) Көк-Жайлауды қорғау кампаниясы туралы толық ақпарат: көбірек 

4) Павлодарлық кампания туралы толық ақпарат: көбірек