Жердің климаттық жағдайларының өзгергені әртүрлі өлшеу құралдары арқылы тіркелді - планетаның орташа жылдық температурасы көтеріліп, мұздықтар еріп, теңіз деңгейі көтеріліп, жауын-шашын режимі өзгеріп жатыр. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулер климаттың өзгеруі Жер атмосферасындағы парниктік газдар концентрациясының жоғарылауының нәтижесі екенін және оны тек табиғи циклдармен түсіндіруге болмайтынын көрсетті. Климаттың антропогендік өзгеру теориясын ғалымдар бұрыннан жақсы зерттеген, сондықтан ол ұлттық және халықаралық деңгейде саясаткерлер қабылдаған құжаттарда көрініс тапқан!
Климаттың өзгеруі Қазақстанға қалай әсер етеді?
Ғалымдардың болжамы бойынша біздің өңіріміз шөлейттену, орман және дала аумақтарының өрт қауіптілігін арттыру, мұздықтардың қысқаруы, ауыл шаруашылығы аумақтарының даму жағдайларының нашарлауы сияқты климаттық мәселелерге тап болады. Таулы аймақтарда шөккін, сел, қар көшкіні, су тасқыны, дауылды жел, аяз және құрғақшылық сияқты табиғи апаттар көбейеді. Сондай-ақ, климаттың өзгеруі топырақ сапасының нашарлауына әкеледі.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан климаттық өзгерістердің жағымсыз салдарымен бетпе-бет келіп отыр. 1940 жылдан бастап әр онжылдықта елдегі орташа жылдық температура 0,28°C-қа артады. Әсіресе жоғары өсу күзгі кезеңде байқалады (0,31°C). Сонымен қатар, 10 жыл ішінде орташа жылдық жауын-шашынның 0,2 мм-ден астам айтарлықтай төмендеуі байқалады.
Қазақстан қазірдің өзінде су ресурстарының тапшылығын сезіне бастады және болжамдар бойынша 2040 жылға қарай су ресурстарының елеулі тапшылығына тап болуы мүмкін. Экономиканың барлық дерлік секторлары суға тәуелді болғандықтан, оның тапшылығына байланысты елдің аймақтарында ЖІӨ төмендеуі мүмкін.
Алдағы бірнеше жылда Қазақстан климаттық мәселелерді ескере отырып, елеулі шаралар қабылдауы және өзінің экологиялық күн тәртібін қайта қарауы тиіс. Егер бүгінде шешуші шаралар қабылданбаса, климаттың өзгеруіне кейінгі бейімделу айтарлықтай көп күш пен шығындарды талап етеді.
2023 жылғы сәуірде Қазақстан көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қабылдады. Стратегияның негізгі мақсаты – 2060 жылға қарай Қазақстан экономикасының климаттың өзгеруі мен көміртегі бейтараптығына қарай тұрақты дамуына қол жеткізу.
Стратегияның орта мерзімді мақсаты-2030 жылға қарай ПГ шығарындыларын 1990 жылғы шығарындылар деңгейіне қатысты 15%-ға қысқарту (шартсыз мақсат) және экономиканы декарбонизациялауға халықаралық қолдау алған жағдайда 25%-ға қысқартуды жеткізу (шартты мақсат).
Төмен көміртекті экономикаға көшу тек мемлекеттік деңгейдегі шешімдерді талап етпейді. Қоғам сонымен қатар климаттық мәселелерге деген көзқарасын айтарлықтай өзгертуі керек. Қазір бәріміз өмір салтын және ресурстарды тұтынуға деген көзқарасты өзгертуіміз керек. Тұрақты даму мәселелері, әсіресе климаттың өзгеруіне, энергияның ауысуына және парниктік газдар шығарындыларының азаюына байланысты, бастауыш, орта және жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына енгізілетін болады.
Климаттың өзгеруімен күрес аясында Қазақстан қабылдаған құжаттарды қараңыз:
- Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 121 Жарлығы: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2300000121;
- Климаттың өзгеруіне жаһандық ден қоюға Қазақстан Республикасының жаңартылған ұлттық үлесін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 313 қаулысы: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000313;
- Жаңартылатын энергия көздерін дамыту: https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/activities/4910?lang=kk
Қосымша материалдар БҰҰ сайтында:
- https://www.un.org/ru/global-issues/climate-change
- https://www.un.org/ru/climatechange
- https://www.ipcc.ch/report/ar6/syr/downloads/press/IPCC_AR6_SYR_PressRelease_ru.pdf
- https://www.ipcc.ch/languages-2/russian/
Қазақ тіліне аударған: Маликова Дильназ Арманқызы.