04. 12. 2023 – ҚАРАҒАНДЫ

Экомузей АҚШ-тың климаттың өзгеруін азайту тәжірибесін талқылады

Осы аптада ЭкоМузейде климаттың өзгеруі тақырыбында екі маңызды және қызықты іс шара өтті.

28 қарашада «Жергілікті климаттық саясатты әзірлеу және іске асыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Қарағанды облысының мемлекеттік органдарының өкілдері, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары, Қарағанды қаласының мәслихаты жанындағы жасыл кеңес пен экология жөніндегі комиссияның өкілдері қатысты.

29 қарашада Экомузейде «Климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресу шаралары» атты дөңгелек үстел өтті. Оған Қарағанды облысының студенттері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және түрлі кәсіпорындардың мамандары қатысты.

Кездесулерде ЭкоМузей сарапшылары сөз сөйледі. Ирина Игнатович жасыл технологиялар және әрқайсымыз климаттың өзгеруіне қарсы күреске қалай үлес қоса алатынымыз туралы хабардар етті.

Дмитрий Калмыков Қазақстанның климаттың өзгеруіне қосқан «үлесі» туралы және еліміз бен Қарағанды облысында болған климаттық өзгерістер туралы айтып берді. Қатысушылар Қазақстанның халықаралық деңгейдегі Климаттық міндеттемелері туралы біліп, парниктік газдар шығарындыларын азайту және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі мақсаттарды орындау үшін жергілікті шараларды әзірлеу қажеттігін талқылады.

Негізгі баяндаманы АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау агенттігінің (EPA) климат үйлестірушісі болып жұмыс істейтін АҚШ сарапшысы Мэтью Конфирст (Matt Konfirst) ұсынды. Ол Америка Құрама Штаттарының климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерді шешу үшін қандай шаралар қолданатынын айтты.

АҚШ-тың климаттың өзгеруіне қарсы мәселелерді құқықтық реттеу жүйесі қызықты.

АҚШ-та 2021 жылғы климат туралы Жарлық бар (Executive Order cl Climate). Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің 2022-2026 жылдарға арналған стратегиялық жоспары қабылданды, оның бірінші мақсаты Климаттық дағдарыспен күресу.

Федералды және аймақтық деңгейде бейімделу және имплементация жоспарлары жасалды. Сондай-ақ, осы жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ететін құжаттар, мысалы, қазба отынмен жұмыс істейтін электр станцияларына арналған парниктік газдар шығарындыларының стандарттары мен ұсыныстары, жеңіл және жүк көліктерінің парниктік газдар шығарындыларының ережелері, парниктік газдар туралы есеп беру бағдарламасы және т. б.

2022 жылы Президент Байден инфляцияны төмендету туралы Заңға (Inflation Reduction Act (IRA)) қол қойды. Құжат 127 жеке бағдарламаны қамтиды (104 – тікелей қаржыландыруға, 23 – салық жеңілдіктеріне қатысты). Қаржыландырылатын бағдарламалардың жалпы құны: 1,54 миллиард АҚШ доллары. Олар үшін әртүрлі мемлекеттік органдар жауап береді.

Түрлі бағдарламалар мен жоспарлардың іске асырылуы парниктік газдар шығарындылары мен ластаушы заттардың қысқаруы сияқты экологиялық көрсеткіштермен ғана емес, сонымен қатар халықтың денсаулығы мен экономикасына пайдасымен де бағаланатынын атап өткен жөн:

- қанша адам мезгілсіз өлімнен құтылды,

- қанша адам ауруханаға барудан аулақ болды,

- демікпенің қанша жағдайы алдын алды,

- қанша жұмыс күнін жоғалтуын алдын алды,

- экономика үшін қандай қаржылық залалдың алдын алды.

Америкалық және қазақстандық сарапшылар қалалардағы парниктік газдар шығарындыларын ойдағыдай азайту мысалдарын келтіріп, мемлекеттің қоршаған ортаға әсерін төмендетуге бағытталған жобаларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Климаттың өзгеруі сияқты «ыстық» тақырыпты талқылау бәрімізге бірге қаланы жасыл, тұрақты және өмір сүруге қолайлы ететін идеяларды табуға және жүзеге асыруға көмектеседі деп үміттенеміз!

Семинар Еуропалық Одақтың, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің, халықаралық Климаттық бастаманың (IKI) және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) қолдауымен Экомузей жүзеге асыратын «Климаттың өзгеруіне біздің жауабымыз» бастамасы аясында өтті.

 

 Қазақ тіліне аударған: Маликова Дильназ Арманқызы.