Дөңгелек үстел біздің қаланы жасыл, тұрақты және өмір сүруге қолайлы ете алатын шаралар мен идеяларды талқылауға арналған алаң болады деп үміттенеміз.
Дөңгелек үстелде біз Қазақстан Республикасының Климаттық саясатын жергілікті деңгейде іске асыруға байланысты мәселелерді талқылаймыз, жасыл технологиялар, энергия тиімділігі әдістері, климаттық өзгерістерге бейімделу жөніндегі бірегей бастамалар және әрқайсымыз климаттың өзгеруіне қарсы күреске қалай өз үлесімізді қоса алатынымыз туралы талқылаймыз.
Іс - шараның шақырылған спикері - Мэттью Конфирст, АҚШ қоршаған ортаны қорғау Агенттігінің (EPA) климат үйлестірушісі, ол АҚШ-та климаттың өзгеруін шешу үшін қолданылатын озық тәжірибелер мен дағдыларды ұсынады.
Біз бірлесіп қаламызды климаттық өзгерістерге төзімді ете алатынымызға сенімдіміз!
Іс-шара бағдарламасы:
15:00-15:10 |
Қатысушыларды тіркеу. Ұйымдастырушылардыңсәлемдесу сөздері. |
15:10-15:20 |
Біз климатқа және климат бізге қалай әсер етеді. Ирина Игнатович, білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі, ЭкоМузей |
15:20-15:40 |
Қалалардың энергия тиімділігін арттыру. Германия тәжірибесі. Павел Подвигин, экоактивист, Қарағанды облысы Жасыл кеңесінің және Қарағанды қаласы мәслихаты жанындағы экология жөніндегі комиссияның мүшесі |
15:45-16:45 |
Әртүрлі деңгейдегі климаттың өзгеруі мәселелерін шешуге арналған бастамалар. АҚШ тәжірибесі. (дәйекті аудармасы бар ағылшын тіліндегі презентация). Мэтт Конфирст, АҚШ қоршаған ортаны қорғау Агенттігінің (EPA) климат үйлестірушісі |
16:45-18:00 |
Ашық диалог. Шаралар бойынша ұсыныстар жинау. Бірлескен кофе |
Дөңгелек үстел Еуропалық Одақтың, Халықаралық климаттық бастаманың (IKI) және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамының (GIZ) және АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен Чехиялық «Арника» қоғамдық ұйымымен серіктестікте Экомузей жүзеге асыратын «Климаттың өзгеруіне біздің жауабымыз» бастамасы шеңберінде өткізіледі.
Қазақ тіліне аударған: Маликова Дильназ Арманқызы.