06. 10. 2015 – Admin

«Маңғыстау облысының тұрғындары жергілікті экологиялық мәселелерді шешу үшін қолдау таба алады»

Ақтау – Маңғыстау облысының қалалары мен ауылдарының тұрғындары қоршаған ортаны қорғау мамандарының көмегіне жүгініп, шешім қабылдау үрдісіне қоғамдастық болып қатыса алады (1). Осы аптада «Эко Мангистау» МЕМ, «ЭкоМузей» АҚ, CINEST- ң Қарағанды ОФ, чехиялық «Арника» АҚ өкілдері жергілікті қоғамдастықтарға барып, экологиялық мәселелерді шешудің мүмкін жолдары туралы кеңес берді. Белсенді азаматтар топтары өз жобаларын Кіші гранттар бағдарламасы бойынша ұсынып, өз жобаларын 1500 евродан 3000-ге дейінгі мөлшерде қаржыландыруға тапсыыс берулеріне болады (2).
Кіші ганттар бағдарламасы туралы барлық ақпарат: http://ecocitizens.kz/grant

"Біз іріктеудің алдынғы раундында кіші гранттарға иеленген адамдар бастамаларының күш салуларына таңырқап қуандық. Қазіргі уақытта біз оларға өз компанияларын нығайта түсуге көмектескіміз келеді, сөйтіп жергілікті экологиялық қиын жағдайларды біртіндеп жақсартатын жобалар жасап жұмыс жасағысы келетін топтады көтермелегіміз келеді ", дейді Мартин Скальский, чехиялық «Арника» АҚ сарапшысы.
Бірінші раунд шегінде қолдау тапқан жергілікті төрт топ қазігі таңда өз жобаларын іске асыруда. «Байшешек» МЕҰ тұрғындарды қалалық тұрмыстық қоқыс үйіндісінің экологиялық салдарынан қорғау бойынша жұмыс жасауда. «Жас Дәурен» ОФ Баскұдық ауылын көгалдандырып, көршілерді ағаш отығызуға және компост жаауға үйретпекші. «Ажар Ай» қозғалысы Құық ауылында зақымданған кәріз жүйесін жақсатып, қоқыстарды басқару жүйесін ыңғайластырмақ. «Қолдау – Қазақстан» ЖК елік мүйізін заңсыз саудалауды тоқтату бойынша ақпараттық кампанияны бастады.
"Осы аптада біздің мамандар Қарағанды және Чехиядан келген әріптестерімен бірге Ақтауға, Шетпеге, Баскұдыққа, Ақшұқырға, Құрыққа барды. Біз тұрғындарды шақырып, осы жердегі қоршаған орта мәселелері жайлы ойларымен бөлісуге және жағдады жақсартуға жасайтын қадамдарды жоспарлауға қатысуға шақырамыз ", дейді Кирилл Осин, «Эко Мангистау» МЕМ директоры.
Сарапшылар мәселелерді мемлекеттік биліктің жергілікті органдарымен бірге талқылау мүмкіндігін қарастырады. Адамдар сондай-ақ былтыр сәтті қосылған Кіші гранттар бағдарламасының екінші раундына қсынуға өз идеялары бойынша кеңес ала алады.
Кіші гранттар бағдарламасы Маңғыстау облысы тұрғындарының өмір жағдайын жақсарту арқылы азаматтық қоғамды нығайтуға бағытталған «Азаматтар құқықтарын қамсыздандыру және қоршаған орта мәселелері бойынша шешім қабылдау үрдісіне қоғамдастықтың қатысуы – Маңғыстау облысында Орхус конвенциясын іске асыру» жобасы шегінде іске асырылады. Жобаны Еуропалық Одақ 336 120 евро мөлшерінде қаржыландырады.
Редакторларға арналған ескертпелер:

1) «Маңғыстау облысында қоршаған орта мәселелері бойынша тұрғындарының құқықтарын қамсыздандыру және шешм қабыдау үрдісіне қоғамдастықтың қатысуы» жобасы: http://ecocitizens.kz

(ағылшын версиясы: http://english.arnika.org/kazakhstan/small-grants-programme)

2) Кіші гранттар бағдарламасы бойынша барлық ақпарат: http://ecocitizens.kz/grant

Контактілер:

Толық ақпарат алу үшін: Мартин Скальский (Арника): martin.skalsky@arnika.org, ұялы: +7 771 371 5575 (Қазақстан) немесе +420 775 168 026 (Чех Республикасы), Кирилл Осин (Эко Мангистау), osinkirill@gmail.com электрондық мекен-жайы, ұялы: +7 701 415 3161, немесе Карла Джаманкулова, ЕО-ң Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз және ақпарат бөлімінің үйлестірушісі, электрондық поштасы арқылы: karlygash.jamankulova@eeas.europa.eu , тел: + 7 (7172) 97-11-48.