«Біз Маңғыстау облысының алты аймағынан түйе сүті мен шұбаттың сынамаларын алып, олардың құрамында органикалық химиялық заттар мен ауыр металдардың қатысына зерттеу жүргіздік. Сонымен қатар біз өз зерттеуіміздің нәтижесін алдында жүргізілген қазақстандық сарапшылардың зерттеулерінің нәтижесімен салыстырдық»,- дейді Қарағанды облыстық Экологиялық мұражай қызметкері Дмитрий Калмыков. Ол «ластану деңгейінің, әсіресе полихлорланған дифенилдер (ПХД) мен мырыш деңгейінің қауіпті жоғары» екендігін атап өтті.
«Полихлорланған дифенилдер қатерлі ісік ауруларын қоздырады, бауыр мен репродуктивті жүйенің зақымдануына әкеліп соқтырады. Мырыш – анемия мен ұйқы безінің зақымдануын тудырады, - дейді «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің директоры Кирилл Осин. – Біз Маңғыстау облысының кей аймақтарындағы балалар ауруларының ұлғаюын байқап отырмыз. Бұның барлығы өндірістік ластанған ортаға ұзақ уақыт жақын орналасу әсері екендігі сөзсіз»
Jindrich Petrlik, Чехияның Arnika Association ұйымының уытты заттар мен қалдықтар бойынша сарапшысы, адамдардың өз денсаулығын қалай қорғау керектігін былай түсіндіреді: «Фермерлер үй жануарларының ластанған аудандар мен өндіріс нысандарында жайылмауларын және қалдықтармен қоректенбеуін қадағалаулары қажет. Тұтынушылар тамақ өнімдерін сатып алғанда өте мұқият болулары керек, шыққан жері туралы білулері керек. Ал негізгі міндет мемлекеттік органдарда: олар ластанған аудандарды қоршап,
ол аудандарды қалыпқа келтіру жұмыстарының жоспарын жасап, ескірген ПХД-сұйықтарды жою жолдарын қарастырулары қажет. Ол үшін ұлттық және халықаралық қаржы көздерін тарту керек. Қауіпсіз тазалау мен қалдықтарды тиімді басқару – адам денсаулығына тиетін қатердің алдын-алудың ең дұрыс жолы болып табылады. Сонымен бірге түйе сүтіндегі қатысу деңгейі жоғары, бірақ қауіпсіз концентрациядағы полиароматталған көмірсутектермен ластанудан да абай болған жөн», - дейді сарапшы.
«Пайдаланылып жүрген технологиялар тәжірибесі мен халықаралық Стокгольм конвенциясының талаптарын негізге ала отырып, ПХД-сұйықтар мен ПХД-мен ластанған қалдықтарды жоюда оларды жағуды пайдаланбайтын технологияларды қолдануды ұсынамыз, - дейді Jindrich Petrlik. Жаңа зерттеулерді Европа Одағы мен Чех Республикасының Transition Promotion Programme қаржыландырды.
Ескертпелер:
1) Маңғыстау облысы түйе сүтін уытты ластаушылар. 2015-16 жылда жүргізілген сынама сараптамасының нәтижесі: толық есеп
2) Кейбір химиялық заттардың адам денсаулығына әсері:
Мырыш / ПХД
3) Қоғамдық ұйымдар Маңғыстау облысының экологиялық ыстық нүктелерінің онлайн-картасын әзірледі. Карта еркін қолжетімділікте. Азаматтар сайт әкімшісіне сұрақтарын қоя алады.
4) Маңғыстау облысы азаматтарын ПХД қаупі бар тамақ өнімдерін ластануынан сақтау үшін мемлекеттік билік шара қабылдауы үшін не ұсынылады?
- ПХД-инвентаризациялауды аяқтау (ластанған ПХД қалдықтармен қоса)
- ПХД-мен ластанған телімдерді инвентаризациялау
- Ластанған телімдерді тазалау мен қалпына келтіру мен ПХД-ны жою немесе ПХД қалдықтары мен тұрақты органикалық ластаушыларды кешенді жою жоспары
- ПХД (ТОЛ) жоюдың үздік технологияларын таңдау критерийлерін анықтау
5) Түйе сүті мен шұбат: Пайдалы сусын әлде қауіп? Фермерлер мен тұтынушыларға арналған нұсқаулық