22. 4. 2024 – Казахстан

Халықаралық Жер-Ана күні. 2024 жылғы ұран – «Планета пластикке қарсы»

22 сәуір - Халықаралық Жер-Аналар күні (ағылш. International Mother Earth Day).

Мерекені 2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы құрдыБҰҰ-ның қарарында Жер және оның экожүйелері біздің үйіміз және адамзатқа өмір беретіні айтылған. Қазіргі және болашақ ұрпақтың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттіліктері арасындағы әділ тепе-теңдікке қол жеткізу үшін табиғат пен жер планетасымен үйлесімділікті дамыту қажет. Бұл мереке бүкіл әлемде тойланады. Бұл күнге арналған түрлі іс-шараларға миллиондаған адамдар қатысады.

Бұл маңызды экокүннің басты мақсаты – қоғамның және жер шарындағы әрбір адамның назарын Жердің проблемаларына – климаттың өзгеруіне, ауаның, топырақтың және су ресурстарының ластануына, биоәртүрлілікті азайтуға аудару.

Жыл сайын бұл күн белгілі бір тақырыпқа арналған. Биылғы Жер Күнінің тақырыбы «Планета пластмассаға қарсы». Пластик біздің планетамыз үшін ең күрделі мәселелердің біріне айналды. Жыл сайын планетада 400 миллион тоннадан астам пластмасса өндіріледі, олардың көпшілігі бір рет қолданылатын өнімдер. Оған қоса, пластик қалдықтарының 10%-дан азы ғана қайта өңделеді. Полигондар пластик қалдықтарына толып жатыр.

Микропластмасса су қоймаларына, топыраққа, жануарлардың ағзасына, содан кейін тамақ пен сусындармен - адам ағзасына енеді. Оны адамдардың қанында және тіпті өкпесінде кездестіреді.

ПЛАСТМАССАНЫҢ ЛАСТАНУЫМЕН КҮРЕСУДЕ ӘРБІРЕУІ НЕ ІСТЕЙ АЛАДЫ?

  • Қоқысыңызды талдаңыз, оның аз болуы үшін неден бас тартуға немесе неменеге ауыстыруға болатынын ойлаңыз.
  • Ескі заттарды қайта пайдалануды қарастырыңыз.
  • Сіз қандай тұрмыстық химияны қолданатыныңызға  назар аударыңыз.
  • Үйге киім мен маталарды сатып алғанда, табиғи материалдарды таңдаңыз.
  • Пластикалық пакеттерді алуды тоқтатыңыз.
  • Матадан жасалған сөмкелер мен жіпті сөмкелерді пайдаланыңыз.
  • Қайта пайдалануға болатын су бөтелкесін немесе кофеге арналған күрішке алыңыз.
  • Ақманда шай қайнатыңыз.
  • Ылғал майлықтарды қолданбаңыз.
  • Бір рет қолданылатын заттардан бас тартыңыз.
  • Бір рет қолданылатын қорғаныс құралдарын қайта пайдалануға болатынына ауыстырыңыз.
  • Әйелдер гигиенасына арналған қайта пайдалануға болатын заттарды таңдаңыз.
  • Қалдықтарды сұрыптаңыз және оларды қайта өңдеуге тапсырыңыз.
  • Бұл мәселе туралы ақпарат таратыңыз.
  • Суреттер жасанды интеллект арқылы жасалды.

 

 

Қазақ тіліне аударған: Маликова Дильназ Арманқызы.