24. 6. 2024 – ҚАРАҒАНДЫ

Теміртаудағы экологиялық open air: ойындар арқылы климаттық мәселелер

19 маусымда Теміртау қаласында «Восток» саябағында Қарағанды облыстық Экологиялық Мұражайы «Климат өзгеруде - бұл маған қатысты» тақырыбында бірегей экологиялық open-air өткізді.

Теміртау - бұл ерекше іс-шараны өткізетін үшінші қала, маусым айында Астана мен Қарағандыда осындай кездесулер өткен болатын.

Қоршаған ортаны қорғау аясында мереке ересектер мен балалардың назарын күрделі климаттық мәселелерге аударуға көмектесті және біздің қонақтарды өмірді экологиялық таза ететін маңызды шешімдер қабылдауға шабыттандырады деп үміттенеміз..

Қонақтарды экологиялық бастамаларға арналған білім беру алаңдары, сондай-ақ климаттық өзгерістер, тұрақты тұтыну және табиғи ресурстарды сақтаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған әңгімелер, шеберлік сыныптары мен қызықты іс-шаралар күтті.

Мұнда «Климаттың өзгеруі: экраннан тыс» фотокөрмесін көруге болды. интерактивті стендтердің жанында жеке «көміртегі ізін», сондай-ақ әртүрлі тауарларды, қалалар мен елдерді біле алды. Ең жас келушілер экоойындарға және «Жаңартылатын энергия көздері» балалар шеберханасына қатысты, онда олар өз қолдарымен шағын «жел диірменін» сала алды. Кездесуде «Болашақтың климаттық қаһармандары» бояу беттерін тегін сатып алуға болды.

Теміртаудағы Климаттық open air тек көңілді мереке ғана емес, сонымен қатар жаңа ұрпақты планетаның болашағына қамқорлық жасауға шабыттандырудың негізі болды деп үміттенеміз.

Іс-шара Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Арника - азаматтарды қолдау орталығы» Чех қоғамдық ұйымымен серіктестікте ЭкоМузей жүзеге асыратын «Қарағанды облысындағы климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдетуге азаматтық қоғамның қатысуы» жобасы аясында өтті.

Сондай-ақ іс-шарадан толық фоторепортажды қараңыз: https://ecocitizens.kz/photogallery/open-air-temirtau-photo

 

Қазақ тіліне аударған: Маликова Дильназ Арманқызы.