Президент Тоқаев климаттық өзгерістердің ауыр проблема екенін бұрын да айтқан болатын. Соңғы су тасқыны мен басқа да табиғи апаттар бұл тек сөз емес екенін көрсетті: табиғи апаттардың ауқымы тікелей климаттық өзгерістермен байланысты.
2023-2024 жылдары біздің өңірде климаттың өзгеруіне ықпалын азайту және оның салдарларына бейімделу мәселелеріне арналған ондаған шаралар өткізілді. Қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар және кәсіпорындар ауаның сапасын жақсарту, энергия тиімділігін арттыру, жасыл желектер алаңын ұлғайту және басқа да маңызды экологиялық мәселелер бойынша жобаларды жүзеге асырды. Өңірлік БАҚ пен блогерлер тұрақты түрде оқырмандарын әлемде және біздің өңірде климаттың қалай өзгеріп жатқанын, бұл өзгерістердің денсаулыққа, қауіпсіздікке және экономикаға қандай әсері бар екенін хабарлап отыр.
Қазіргі уақытта біз өңір тұрғындарының климаттың өзгеруіне қатысты көзқарастарының қалай өзгергенін, осы мәселе бойынша қандай аспектілердің халықты ерекше алаңдатып отырғанын түсіну үшін қайта сауалнама жүргізудеміз. Сіздердің жауаптарыңыз қабылданған шаралардың қаншалықты тиімді екенін анықтауға көмектеседі және азаматтарымыз үшін ерекше маңызды болып табылатын мәселелерге күш-жігерімізді бағыттауға мүмкіндік береді.
Егер сіз бірінші сауалнамаға қатысқан болсаңыз, бізге осы жылы да жауап беруіңіз өте маңызды болады — осылайша сіздің ойыңыздың өзгергенін көре аламыз.
Сауалнаманы толтыру небәрі 15 минутты алады және толығымен конфеденциалды болып табылады. Біз сізден жауаптарды адал таңдауыңызды сұраймыз, өйткені бұл бізге нақты жағдайды дәл бағалауға көмектеседі. Нәтижелер тек жалпы түрде ұсынылады.
Бұл 15 минут — біздің өңіріміздің жарқын болашағына қосқан үлесіңіз. Егер біз не болып жатқанын және адамдардың оған қалай қарайтынын жақсы түсінетін болсақ, бірге өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жолдарды анықтай аламыз.
Сауалнамаға қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз!
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfhddTDZyASbchSOUkVmlV4mbD3_tfNJibLSTDC94YkzMwnRQ/viewform