14. 8. 2023 – Караганда

Климаттың өзгеруіне біздің жауабымыз

Құрметті достар!

Климаттың өзгеру мәселесі әлем бойынша үлкен алаңдатушылық тудыруда.  Климаттың өзгеруінің салдары - экстремалды ауа-райы құбылыстары, кейбір аймақтарда теңіз деңгейінің көтерілуі және басқаларында - құрғақшылық, биоәртүрліліктің жоғалуы және азық-түлік қауіпсіздігі қатері -  планетамызға және миллиондаған адамдардың өміріне елеулі әсер етуде. Парниктік газдар шығарындыларын азайту, жаңартылатын энергия көздеріне көшу, ормандарды сақтау және болып жатқан климаттық өзгерістерге бейімделу шараларын жүзеге асыру қажеттілігі барған сайын маңыздылығын арттыруда.

Бұл сауалнаманың мақсаты – климаттың өзгеру мәселесі бойынша сіздің пікіріңізді білу. Біз сіздің қазіргі жағдайдан қаншалықты хабардар екеніңізді, Сіз қандай мәселелер ең маңызды деп санайтыныңызды және сонымен қатар климаттың өзгеруімен күресу үшін қандай шаралар қабылдау қажет деген көзқарасыңызды білгіміз келеді.

Сіздің сауалнамаға қатысуыңыз бізге қоғамдық пікірді жақсырақ түсінуге және климаттың өзгеруімен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған стратегияларды қалыптастыруға көмектеседі. Біз үшін әрбір дауыс маңызды және Сіздің дауысыңыз анағұрлым тұрақты және экологиялық жауапкершілігі бар болашақты құруға маңызды үлес қоса алады деген сенімдеміз.

Сұрақтарға ақиқатты бұрмаламай жауап беріңіз. Бұл ортақ істің табысты болуына көмектеседі. Сауалнама анонимді болып табылады. Нәтижелер тек жалпыланған түрде ұсынылады. Толтыру процедурасы қарапайым: Сізге сәйкес келетін жауап нұсқасын таңдаңыз. «Басқа» бағанында өз жауабыңызды енгізуге болады.

Климаттың өзгеруіне арналған 15 минуттық уақытыңыз – бұл анағұрлым тұрақты және экологиялық жауапкершілігі бар болашақты құруға маңызды үлес болып табылады!

Сауалнамаға қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз!

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScj5AZi4HJNE2WIodjYQEfFRDntIboZ6hkHwBsVWczU2E6gHQ/viewform