Кездесуге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан, Түрікменстан, Молдова, Грузия және бірқатар еуропа елдерінің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдарының және жұртшылығының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді БҰҰ ЕЭК Орхус конвенциясының хатшылығы Өзбекстанның Табиғи ресурстар министрлігімен, Германияның халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (GIZ), БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ), Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымымен (ЕҚЫҰ) және басқа да серіктес ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылды.
Өзбекстанның Табиғи ресурстар министрі Азиз Абдухакимов маңызды мәлімдеме жасады. Ол ел ақпаратқа қол жеткізу, шешім қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот төрелігіне қол жеткізу туралы Конвенцияға қосылу мәселесін ең жоғары деңгейде қарастырып жатқанын айтты, бұл үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
«Орхуус конвенциясы біздің халыққа және әртүрлі ұйымдарға әлемдегі экологиялық жағдайдан хабардар болуға және маңызды ақпаратты тікелей алуға мүмкіндік береді. Өзбекстанның экология мен табиғатты қорғау саласындағы әлемдік стандарттарға бейімделуі халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жол ашады. Бүгінгі дөңгелек үстел салауатты қоршаған ортаны және тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін де маңызды», - деді Азиз Абдухакимов. Айтпақшы, 2023 жылдың маусымында министрлік жаңа атау мен функцияларды алды, қазір ол экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеру Министрлігі деп аталады.
Қоғамдық экологиялық ұйымдардың қызметіне арналған сессияда Қазақстаннан Қарағанды облыстық Экологиялық Мұражайының қызметкері Дмитрий Калмыков және «Жасыл құтқару» экологиялық қоғамының қызметкері Светлана Харитонова сөз сөйледі.
Дмитрий Калмыков Қазақстанның ластанулар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін жүргізу тәжірибесі туралы айтты (Орхуус конвенциясының хаттамасы). Тіркелімде атмосфераға, суға және жерге шығарындылар, сондай-ақ ластаушы заттардың/қалдықтардың өңдеу және көму объектілеріне тасымалдануы туралы ақпарат бар. Мұндай ақпаратты көпшілікке жариялау арқылы жұртшылықтың ластанудың алдын алуға және азайтуға үлес қосуға көбірек мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, Дмитрий Қарағанды жұртшылығы шешім қабылдау процесіне қалай әсер етіп, қалалық саябақты кесуден қорғағаны туралы тарихымен бөлісті. 2019 жылы қала тұрғындары Қарағанды орталық саябағында теннис орталығын салу үшін ағаштарды кесуге қарсы шықты. Белсенді қоғамдық науқаннан кейін теннис орталығын салу жобасы басқа жерге көшірілді.
Светлана ұйымның Орхуус конвенциясын экологиялық ақпарат алу үшін, сондай-ақ сот процестерінде қалай қолданатыны туралы хабарлады. Алматы қаласы әкімдігінің әрекетсіздігін мойындаған Жоғарғы сотта «Жасыл құтқарудың» жеңісі туралы жаңалық жарқын мысал болды. Іс Іле-Алатау ұлттық паркінің күзет аймағын белгілеуге қатысты болды.
Сондай-ақ, Еуропалық экофорум мен чехиялық «Арника» , ҒӨБ өкілі Мартин Скальски қызықты презентация жасады. Ол чех белсенділерінің өзендерді, көлдерді және ормандарды қорғау тәжірибесімен бөлісті.
Кездесуге қатысушылар Орхуус конвенциясына бұрыннан қол қойған елдердің қоғамдық ұйымдарының тәжірибесі Өзбекстанға пайдалы болатынына және дөңгелек үстелде ұсынылған ақпарат көптеген экологиялық проблемалар мен қақтығыстарды болдырмауға көмектесететіндігіне үміттенеді.
Қазақ тіліне аударған: Маликова Дильназ Арманқызы.