«Халықтың сенімі мен хабардар болуын нығайту үшін ақпаратқа қол жеткізудің елеулі маңызы бар.
Шешімдер қабылдау және ең жақсы баламасын іздеу үдерісіне азаматтардың белсенді қатысуынан қоғамның бәрі пайда таба алады. Біздің тәжірибеміз Маңғыстаудың кейбір экологиялық мәселелерін шешуге, сөйтіп адамдар денсаулығын қорғауға себеп болатынына сенеміз», - деді «Арника» чех үкіметтік емес ұйымның жоба үйлестірушісі Мартин Скальски.
«Еуропа Одағында экологиялық қауіпсіз технологиялар, экологиялық мәселелерді шешудің табысты үлгілері мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты қатаң стандарттары бар. Бұл әрекет өңіріміздегі экологиялық қауіптермен жұмыс жасаған кезде жолдар іздеуге бізді шабыттандыратын болады», - деп атап өтті «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекеменің директоры, жобаның өңірлік үйлестірушісі Кирилл Осин. болып табылатын.
«Азаматтардың құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу –Маңғыстау облысында Орхуссконвенциясын тәжірибелік іске асыру» жобасы өз өмірінің деңгейін арттыруға азаматтық қоғамның құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Жобаның негізгі мақсаттарының бірі өнеркәсіптік ластанудан қорғау және тікелей тұрмыс қалпын қозғайтын шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін алуға жергілікті бірлестіктердің әлеуетін арттыру үшін ақпаратқа қоғамдық қол жетуді алға жылжыту болып табылады. Сонымен қатар бастамаға экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін өсіру және ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ ақпаратқа қол жетімділік пен қоғамдық қатысуға байланысты заңнама өзгерістеріне бастамашылық ету кіреді.
Жобаны «Эко Маңғыстау», «Қарағандының Экологиялық Мұражайы», Қазақстандағы «Жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы» мен Чехиядағы «Арника» қоғамдық ұйымдар орындайтын болады. Жобаны іске асыру үшін 336 120 еуро мөлшеріндегі қаражатты Еуропа Одағы пайдалануға береді.
Осы жоба аясында жергілікті бастамашы топтар мен үкіметтік емес ұйымдарға жергілікті экологиялық мәселелерді шешу үшін 1500 еуродан бастап 3 000 еуроға дейін және жалпы сомасы 16 000 еуро құрайтын кіші гранттар берілетін болады.