«Халықтың сенімі мен хабардар болуын нығайту үшін ақпаратқа қол жеткізудің елеулі маңызы бар. Шешімдер қабылдау және ең жақсы баламасын іздеу үдерісіне азаматтардың белсенді қатысуынан қоғамның бәрі пайда таба алады. Біздің тәжірибеміз Маңғыстаудың кейбір экологиялық проблемаларын шешуге, сөйтіп адамдар денсаулығын қорғауға себеп болатынына сенеміз», - деді «Арника» чех үкіметтік емес ұйымның жоба үйлестірушісі Мартин Скальски.
«Еуропа Одағында экологиялық қауіпсіз технологиялар, экологиялық проблемаларды шешудің табысты үлгілері мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты қатаң стандарттары бар. Бұл әрекет біздің өңіріміздегі экологиялық қауіптермен жұмыс жасаған кезде жолдар іздеуге бізді шабыттандыратын болады», - деп көрсетті жобаның өңірлік үйлестірушісі болып табылатын «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекеменің директоры Кирилл Осин.
«Азаматтардың құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу –Маңғыстау облысында Орхусстік конвенцияны тәжірибелік іске асыру» жобасы өз өмірінің деңгейін арттыруға азаматтық қоғамның құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Жобаның негізгі мақсаттарының бірі өнеркәсіптік ластанудан қорғау және тікелей тұрмыс қалпын қозғайтын шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін алуға жергілікті бірлестіктердің әлеуетін арттыру үшін ақпаратқа қоғамдық қол жетуді алға жылжыту болып табылады. Сонымен қатар бастамаға экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін өсіру және ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ ақпаратқа қол жетімділік пен қоғамдық қатысуға байланысты заңнама өзгерістеріне бастамашылық ету кіреді.
Жобаны «Эко Маңғыстау», «Қарағандының Экологиялық Мұражайы», Қазақстандағы «Жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы» мен Чехиядағы «Арника» қоғамдық ұйымдар орындайтын болады. Жобаны іске асыру үшін 336 120 еуро мөлшеріндегі қаражатты Еуропа Одағы пайдалануға береді. Осы жоба аясында жергілікті бастамашы топтар мен үкіметтік емес ұйымдарға жергілікті экологиялық проблемаларды шешу үшін 1500 еуродан бастап 3 000 еуроға дейін және жалпы сомасы 16 000 еуро кіші гранттар берілетін болады.
Қосымша аұпарат алу үшін, төмендегі байланыстар бойынша хабарласыңыз: Вратислав Возник, «Арника»: vratislav.voznik@arnika.org, ұялы т. +420 606 727 942; Кирилл Осин, «Эко Маңғыстау» ҮЕМ: osinkirill@gmail.com, ұялы т. +7 701 415 3161, тел. /факс: +7 792 250 3880; Карла Джаманкулова, ақпарат және БАҚ бойынша офицер, Еуро Одағының Қазақстандағы Өкілдігі: karlygash.jamankulova@ec.europa.eu