Париж келісімі - парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және жаһандық температураның 2 градус Цельсийге дейін көтерілуін шектеуге бағытталған заңды түрде міндетті халықаралық шарт, сонымен бірге бұл көтерілуді одан әрі 1,5 градусқа дейін шектеуге қаражат іздейді. Ол климаттың өзгеруімен күресу және оған бейімделу бойынша ортақ мақсатқа жету үшін елдерді біріктіреді.
Париж келісімі қалай жұмыс істейді?
Келісім климаттың өзгеруіне қарсы күресте елдердің мақсаттарын арттырудың бес жылдық циклін қарастырады. Келісімге сәйкес, елдер климаттың өзгеруімен күресу жөніндегі өз жоспарларын – Ұлттық белгіленген жарналарды (ҰДАС) БҰҰ-ның Климат Хатшылығына ұсынды.
ҰДАС-та елдер Париж келісімінің мақсаттарына жету үшін парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша жоспарланған шаралар туралы мәлімдейді. ҰДАС-та қаржыландыру стратегиялары мен мониторинг пен тексеруді жүзеге асыру тәсілдері көрсетілуі керек. 2023 жылы «жаһандық түгендеу» аясында елдер ҰДАС іске асырылуы және Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізудегі прогресс туралы есеп беруі тиіс.
Климаттың өзгеруіне жаһандық ден қоюға Қазақстан Республикасының жаңартылған ұлттық үлесін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 313 қаулысы, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000313
Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 121 Жарлығы, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2300000121
ЭкоМузей Чехиялық «Арника» ҒӨБ-пен бірлесіп, «Қарағанды облысындағы климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдетуге азаматтық қоғамның қатысуы» жобасы шеңберінде Қазақстанның осы бағыттағы жұмысына үлес қосуда: https://ecomuseum.kz/climate/
Қазақ тіліне аударған: Маликова Дильназ Арманқызы.