26. 9. 2022 – Қазақстан

Өрт және климаттың өзгеруі

СУРЕТТЕ: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі. СУРЕТТЕ: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қыркүйек айының басында Қазақстанның бірнеше аймақтарында ірі өрттер шарпыған болатын. Алдымен олар Қазақстанның екі облысын (Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары) қамтыды, кейін Павлодар, Қарағанды, Алматы қаласының тау бөктерлері өртенді өрттер тіркелді, ал 6 қыркүйекте Алматы қаласының тау бөктерлері өртенді.

Болжам бойынша, бір апта ішінде 40 мың гектардан астам орман және ауылшаруашылық алқаптары зардап шегіп , жүздеген үй өртеніп, бірнеше ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Президент өңірге келіп, мәселені жеке бақылауында ұстады. Өрттен келген шығын көлемі әлі нақтыланып жатыр. Өртті сөндіруге ұшақтар мен тікұшақтар, мыңдаған адам құтқарушылар, әскерилер, полиция, Ұлттық ұлан, әкімдік өкілдері мен орманшылар жұмылдырылды .Қазақстанның дерлік барлық аумағында қыркүйек айына тән емес, нормадан тыс ыстық ұсталды 30-35 градус.Бұл ауа райы жұмыстарды біраз қиындатты.

Өртке жақын орналасқан кейбір елді мекендердің ауасында азот диоксиді, көмірқышқыл газы және күкірт диоксиді деңгейінің жоғарылауы тіркелді. Бас прокуратура Қостанай облысындағы өрт фактісі бойынша қылмыстық істер қозғады. Себебі, өрттер отқа абайсыз қарау және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде туындады деп есептейді.


Орман
және дала өрттерінің шығу себептерінің бірі диқандардың шөпті жағуы. Шөпті күйдірсең, жаңасы жақсы өседі деген қате пікірмен байланысты. Дегенмен, бұл ескірген миф! Мұндай от жағудың зияны пайдасынан әлдеқайда көп. Оның үстіне мұндай өрт қою заңмен тыйым салынған (ҚР ӘҚБтК-нің 336, 367, 410-баптары)! Көбінесе өрт диқан қайта өсіргісі келген аумақтан асып кетеді. Өрт кезінде жәндіктер, жабайы және үй жануарлары мен құстар, микроорганизмдер және аумақтың бүкіл экожүйесі қырылады.Өрттерден кейін тұздану айтарлықтай артады, топырақтың су және жел эрозиясы дамиды.

Өрт пен климаттың өзгеруі өзара байланысты және бір-біріне әсер етеді. Климаттың өзгеруі өрт қаупін арттырады. Себебі,температураның жоғарылауы және құрғақ ауа-райы өсімдіктерді өте жанғыш етеді, бұл одан да үлкен және бақыланбайтын өрттерге әкеледі. Бірақ, өрттердің себебі көбінесе адам!

 

Өрттердің өзі де климаттың өзгеруіне ықпал етеді. Өрт болған кезде атмосфераға көміртектің үлкен мөлшері әртүрлі формада бөлінеді: бұл газдар, күл және қара көміртектің ұсақ бөлшектері. Олардың барлығы атмосфераға еніп, үлкен қашықтыққа шашырап, оның химиялық құрамын өзгертеді.

Көмірқышқыл газы (СО) негізгі парниктік газдардың бірі болып табылады. Атмосферада неғұрлым көп болса, Жер соғұрлым «ыса бастайды».Өрттерден шығатын көмірқышқыл газының жылдық шығарындыларының жалпы мөлшері мұнайды, көмірді және газды жағу кезіндегі шығарындылардың төрттен бір бөлігін құрайды.


Өрттен кейін орман әлсірейді, ол баяу қалпына келеді, көмірқышқыл газын аз сіңіреді және оттегін шығарады, яғни климаттың өзгеруін бәсеңдетуге көмектеспейді.Өрт санын азайту үшін әрқайсымыз табиғатқа жауапкершілікпен қарауымыз қажет - отқа абайсыз қарау өрттің негізгі себептерінің бірі болып табылады! Ал мемлекеттік деңгейде ормандар мен далаларды бақылаудың, алдын алудың, жоюдың және қорғаудың жүйесі, тиісті техникасы мен білікті мамандары қажет. Сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу жүйелерін дамыту қажет.


2022
жылы «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы» ҮЕҰ чехиялық «Арника» ҮЕҰ бірлесіп, «Азаматтық қоғам ұйымдары және жергілікті билік органдары»бағдарламасы бойынша Еуропалық Одақ (ЕО) грантымен Қарағанды облысында климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту жобасын іске қосты. Жоба мемлекеттік органдарымен бірлесіп, халықты және экономиканы қорғау үшін климаттың өзгеруінің аймақтық стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ климаттың өзгеруі мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.

 

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыстар бойынша хабарласыңыз:
Мартин Зелинка, martin.zelinka@arnika.org, +420 720 208 217;
Ирина Игнатович, irina.ignatovich@ecomuseum.kz, +7 7212 50-45-61 (62), +7 705 759-99- 09;
немесе Еуропалық Одақтың Қазақстан Репсубликасындағы өкілдігімен хабарласыңыз delegation-kazakhstan-pic@eeas.europa.eu.
 
 
Loga.png
 
Жобаны Еуропалық Одақ қаржыландырады