Сонымен қатар, экологиялық ұйымдар жергілікті азаматтық бастамаларды қаржылай қолдау үшін Кіші гранттар бағдарламасын жүзеге асырды. Семинарлар жергілікті басқару органдарының, белсенді азаматтардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат өкілдерінің қатысуымен өтті. Жеке жұмыс түрлері пресс-релизге қосымша ретінде беріледі.
«Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының директоры, жобаның аймақтық үйлестірушісі Кирилл Осин: "Тренингтер экологиялық мәселелер бойынша маманданған 40 астам үкіметтік емес ұйымдар мен журналистердің, сонымен қатар, жергілікті басқару ұйымдарының өкілдерін Орхус конвенциясының негізгі ережелерін тәжірибеде жүзеге асырудың тиімді жолдарын қарастыру үшін басын қосты.
Тренерлер құрамы мен мазмұнды бағдарлама қатысушларға конвенцияны пайдаланудың үздік тәжірибесін көрсете отырып, Европа мен біздің еліміз бойынша үздік мысалдарды келтіру арқылы, өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді" – деп атап көрсетті.
“Экологиялық мәселелерді шешудегі ең бірінші қадам – сенімді және толық ақпаратқа қол жеткізу болып табылады. Азаматтар мен мемлекеттік билік, сарапшылар мен жеке меншік компаниялар арасындағы ынтымақтастық өте маңызды, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары экологиялық ағарту мәселесінде маңызды роль атқарады", - дейді Чехияның «Арника» үкіметтік емес ұйымының өкілі Мартин Скальский. Ол өз елінің тәжірибесінен: қоршаған ортаны ластайтын он ірі ластаушылар, ағаштарды кесуді тоқтатуға байланысты қоғамдық кампаниялар мен Прага қаласында кездесетін жағымсыз әсерлі жобалардың деректер қоры сияқты, бірнеше табысты мысалдар келтірді.
Қарағандының ЭкоМұражайының өкілі Дмитрий Калмыков улы ластаулар бойынша қоршаған орта туралы мәліметтерді түсіну және басқаларға түсіндіру жолдары туралы мәселе қозғады. Алматы қаласының «Жасыл құтқару» экологиялық қорының өкілі Светлана Спатарь аталған ұйымның мол тәжірибесіне тоқтала отырып, қар қабыланы өмір сүретін биік таулар аумағын қорғауға байланысты «Көк-Жайлауды сақтайық!» атты ірі кампанияның өткізілуімен бөлісті.
Үкіметтік емес ұйымдар коалициясы Маңғыстау облысының азаматтарына аймақтағы экологиялық мәселелерді шешуге көмек беру мақсатында Кіші гранттар бағдарламасын енгізді. Жеке гранттар мөлшері 1500 EUR-дан 3000 EUR-ға дейін құбылуы ықтимал. 6-қарашадағы өткен семинарға барлық мүдделі азаматтар қатысып, жоба формасы мен жобаны дайындау жөнінде нақты ақпарат алды. Жалпы алғанда, жергілікті азаматтық бастаманы қолдау үшін 16 000 EUR бөлінді.
«Азаматтардың құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу –Маңғыстау облысында Орхус конвенциясын тәжірибелік іске асыру» жобасын «Арника» үкіметтік емес ұйымы (Чехия), «ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес ұйымы, «ЭкоМұражай» қоғамдық ұйымы және «CINEST” ұйымдары жүзеге асыруда. Жоба Европа Одағының қаржысы арқылы жүзеге асырылуда, оған 336,120 EUR EUR көлемінде қаржы бөлінді.
Толық ақпарат алу үшін төмендегі сілтемелерге назар аударыңыздар: Vratislav Voznik (Арника): vratislav.voznik@arnika.org, моб. +420 606 727 942, Кирилл Осин (Эко Мангистау): osinkirill@gmail.com, моб. +7 701 415 3161, тел/факс +7 792 250 3880, немесе Карла Джаманкулова – Өкілдіктің баспасөз және ақпарат бөлімінің үйлестірушісі, Қазақстандағы Европа Одағының Өкілдігі: karlygash.jamankulova@ec.europa.eu
Қосымша Жоба бойынша толық ақпарат: http://english.arnika.org/press-releases/practical-implementation-of-aarhus- convention-the-eu-project-launched-in-mangystau
Экологиялық мәселелерді тәжірибеде шешу: 2014 жылдың 3 қарашасы мен 7 қарашасы аралығында Ақтауда семинарлар апталығы, тренингтер сериясы, жергілікті тұрғындармен және жергілікті билік өкілдерімен кездесулер өткізіліп, дөңгелек утелдер ұйымдастырылды. Іс-шаралар үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті билік органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін өткізілді.
5-қараша: Мемлекеттік органдармен дөңгелек үстел.
Маңғыстау облысы әкімшілігінің қабырғасында мүдделі тараптар арасында аймақтағы Орхус конвенциясының жүзеге асырылуының мәселелері, енгізу тәжірибесі, экологиялық ақпаратқа қол жеткізу және жұртшылықтың шешім қабылдауға қатысуы туралы талқыланды. Дөңгелек үстел жұмысына
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қатысты.
Уақыты: 9:30 – 13:00. Өткізілген орны: Маңғыстау облыстық әкімшілігінің конференц-залы.
5-қараша: Журналистерге арналған тренинг.
БАҚ өкілдері қоғамдық ұйымдармен қалай ынтымақтастықта бола алады? – деген сұраққа жауап алу үшін өткізілген тренинг нәтижесінде, қоғамдық ұйымдардың ақпарат көзі ретінде көрінген қоғамдық кампаниялардан мысалдар келтіріліп, экологиялық мәселелер қоғам мүшелеріне түсінікті болуы үшін журналистердің қандай құралдар пайдалану керектігі сөз болды.
Уақыты: 15:00 - 18:00 / Өткізілген орны: Ақтау қаласы, Отель, 2-мөлтекаудан, 1-қабат, конференц-зал.
6-қараша: Үкіметтік емес ұйымдарға арналған тренинг.
Үкіметтік емес ұйым өкілдеріне экологиялық ақпаратты өзгеше түсіндіру, ақпаратпен жұмыс жасау және шешім қабылдау процедураларына қатысудағы табысты мысалдар мен тәжірибелік кеңестер берілді.
Әсіресе үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы баса көрсетілді. Жалпы құны 16 000 евроны құрайтын жергілікті азаматтық бастамалар үшін Кіші гранттар бағдарламасы енгізілді.
Уақыты: 09:30 - 17:00 / Өткізу орны: Ақтау қаласы, Отель, 2-мөлтекаудан, 1-қабат, конференц-зал.
7-қараша: «Білу немесе білмеу» ғылыми емес кафесі
Белсенді азаматтар мен тәуелсіз сарапшылар аймақтың ыстық мәселесінің бірі - шығарындылармен жұмыс мәселесін бейресми жағдайда, яғни шай үстінде талқылауға жиналды.
Уақыты: 11:00 - 14:00 / Өткізу орны: Паб Кристалл, 12-мөлтекаудан.