«Шағын гранттар ағымдағы экологиялық мәселелерді: рұқсатсыз қоқыс, ағаштардың жоқтығы, қала құрылысы әрекеті, табиғи қорықтардағы қоқыс және тағы да басқа мәселелерді шешкісі келетін азаматтар үшін тамаша мүмкіндік. Жұртшылықты ақпараттандыру мен көршілерді және басқа азаматтарды табиғат қорғау әрекетіне тарту идеялары қолдау табады,» - дейді ЭкоМаңғыстау директоры Кирилл Осин.
«Маңғыстауда шешуінде мемлекеттік билік, бизнес пен азаматтардың белсенді қатысуы арасындағы ынтымақтастықты талап ететін экологиялық мәселелер жетерлік. Бұл амалдар тұрғындардың денсаулығына келетін қатерді азайтып қана қоймай, әлеуметтік шиеленісушілікті төмендетеді,» - дейді жобаның Чех Республикасы тарапынынан үйлестірушісі Мартин Скальский.
Шағын гранттар бағдарламасы жергілікті экологиялық мәселелерді шешуге көршілері мен басқа азаматтарды тарта отырып, мемлекеттік органдармен біріге шешуді көздейтін адамдарға арналған. Жоба ең көп дегенде 6 ай ішінде жүзеге асырылады. Барлық сұрақтар мен сұраныс нысандарын (орыс тілінде) http://mangystau.arnika.org/grant сілтемесі бойынша табуға болады.
Каспий теңізі жағасында орналасқан Маңғыстау облысында халық сирек орналасқан: Германияның жартысына сәйкес келетін аумақта 500 мыңнан аз адам қоныстанған. Шөлейт аймақ Қазақстанның қоршаған ортаға зардабын тигізетін мұнай мен уран өнеркәсібінің орталығы болып табылады. Аймақтың басқа мәселелері – жеткіліксіз деңгейдегі инфрақұрылым, кейбір қоныстардағы ауызсу тапшылығы мен шығындыларды игеру жүйесінің қолға алынбағандығы.
Шағын гранттар бағдарламасы азаматтық қоғамды бекітуге және Қазақстандағы Маңғыстау облысы тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған «Азаматтардың құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу – Маңғыстау облысында Орхус конвенциясын тәжірибелік іске асыру» жобасы аясында қолға алынды. 336 120 евро көлеміндегі жоба Европа одағының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.
Қосымша аұпарат алу үшін, төмендегі байланыстар бойынша хабарласыңыз: Вратислав Возник, «Арника»: vratislav.voznik@arnika.org, ұялы т. +420 606 727 942; Кирилл Осин, «Эко Маңғыстау» ҮЕМ: osinkirill@gmail.com, ұялы т. +7 701 415 3161, тел. /факс: +7 792 250 3880; Карла Джаманкулова, ақпарат және БАҚ бойынша офицер, Еуро Одағының Қазақстандағы Өкілдігі: karlygash.jamankulova@ec.europa.eu