03. 10. 2023 – ҚАРАҒАНДЫ

Қарағанды облысында "Климаттың өзгеруіне біздің жауабымыз" шағын гранттар бағдарламасы басталды

15 қыркүйекте Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы Чехиялық «Арника» ҒӨБ-мен бірлесіп, «Климаттың өзгеруіне біздің жауабымыз» тақырыбына Қарағанды облысының ҒӨБ үшін шағын гранттар бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлады.

- Климаттың өзгеруі жалпы әлем мен Қазақстан алдында тұрған аса маңызды мәселелердің бірі болды. Жаһандық климаттың өзгеруі және оның салдары біздің планетамыздағы өмірге үлкен қауіп төндіреді. Қоршаған ортаға қатысты мәселелерден басқа, климаттың өзгеруі азық-түлік қауіпсіздігіне, судың қолжетімділігіне, денсаулыққа қауіп төндіреді және табиғи апаттар қаупін арттырады. Тікелей қауіп-қатерлерге қарамастан, көптеген адамдар әлі күнге дейін климаттың өзгеруіне сенбейді және оның Қазақстан тұрғындарына қалай әсер ететінін түсінбейді. Бағдарлама шеңберінде қолдау көрсетілетін жобалар Қарағанды облысының тұрғындарының осы мәселе және онымен күресу әдістері туралы хабардарлығын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл парниктік газдар шығарындыларын азайтудың әртүрлі қолжетімді тәсілдерін көрсететін практикалық жобалар болуы мүмкін, - деп экомузейдің жоба менеджері Ирина Игнатович бағдарламаның тұсаукесерінде хабарлады.

Бағдарламаға жергілікті деңгейде климаттың өзгеруі мәселесін шешуге өз үлесін қосқысы келетін Қарағанды облысының қоғамдық ұйымдары, еріктілер бірлестіктері мен жергілікті қоғамдастықтары қатыса алады. Берілетін гранттардың сомасы 250 000-нан 1 000 000 теңгеге дейін болады.

 «Арника» азаматтық бастамаларды қолдау орталығының сарапшысы Мартин Скальский: “ тұрғындардың қатысуынсыз экологиялық мәселелерді шешу мүмкін емес. Біз идеялары бар адамдарға оларды жүзеге асыруға мүмкіндік бергіміз келеді. Жергілікті деңгейдегі әрбір кішігірім өзгеріс жаһандық климаттық дағдарыстан шығудың жолын таба аламыз деген үмітті білдіреді. Бізде Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде шағын гранттар бағдарламаларын іске асырудың оң тәжірибесі бар, бұл жергілікті тұрғындарға қоршаған ортаны шынымен жақсартуға мүмкіндік берді”.

Бағдарлама Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Қарағанды облысындағы климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдетуге азаматтық қоғамның қатысуы» жобасы шеңберінде іске асырылуда.

Жоба бойынша қосымша ақпарат және құжаттар «Гранттар» бөлімінде: https://ecocitizens.kz/grants

Тел.: +7 (7212) 413344

Ұялы./WA: +7 705 759 99 09

E-mail: irina.ignatovich@ecomuseum.kz