15. 9. 2016 – Ақтау

Үстірт қорығы Дүниежүзілік мұра нысаны болуға үміткер, алайда мұнайшылардың оның тамаша пейзаждарына өз жоспарлары бар

Үстірт қорығы. Фото: Майда Сламова/Арника Үстірт қорығы. Фото: Майда Сламова/Арника

Маңғыстау облысы жақын арада әлемдік туризм үшін танымал орынға айнала алады. Халықаралық ұйым бірегей қорықтың ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра нысандарының тізіміне енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Алайда, бөкендердің  маңызды тіршілік ортасы мен тамаша пейзаждарды мәңгілік жоғалту қаупі төніп тұр. «ҚазМұнайГаз» мемлекеттік мұнай компаниясы қорық шетіндегі Қансу газ кен орнын өңдеуге рұқсат алуды қолға алып отыр (1). Бірнеше елдердің қоғамдық ұйымдары  мен сарапшылары дабыл қағуда: газ кен орны ашылғаннан кейін болашақ ұрпақ экотуризмнің игілігін пайдалану мүмкіндігін мүлдем жоғалтады. Табиғатты қорғауға азаматтар петицияға қол қою арқылы қолдау көрсете алады.

«Қансу газ кен орнының даму әлеуетінің салдары экожүйе үшін апатты», - деп түсіндіреді  Үстірт қорығы директорының орынбасары Жасқайрат Нұрмұхамбетов. «Ірі апаттардың кесірінен, жоқ дегенде қорықтың оңтүстік бөлігіндегі Қызыл кітапқа енгізілген арқар, қарақұйрық, ителгі, бүркіт, құзғын, үкі, сұлу-дуадақтардың тіршілік ортасы бұзылады. Ерекше алаңдатушылық тудырып отырған жайт, Үстірт жонының маңындағы барлық жерді көмірсутек өңдеу үшін мемлекеттік және жеке меншік компаниялардың алдын-ала «брондап қоюы» болып тұр», - дейді директордың орынбасары.

ҚазМұнайГаздың айтуы бойынша, Қансу газ кен орны халықты 300 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етеді, алайда экологтардың бұл мәселеге көзқарастары басқаша. «Көптеген жұмыс орындарын шетелдік жұмыскерлер алады, ең жақсы дегенде, жергілікті халық үшін аздаған ғана орын беріледі», - дейді ЭкоМаңғыстау қоғамдық ұйымының директоры Кирилл Осин.

«Қоры таусылып бара жатқан мұнай өңдеуге қарап отырған Жаңаөзен қаласының 70 мың тұрғыны бар екендігін үкімет мойындап отыр. Жаңа кен орны беретін ондаған жұмыс орны жағдайды жақсартпайтынын түсіну керек. Одан да жер байлығын құртпайтын, болашақ ұрпақ байлығы болатын, өзіміздің табиғи мұрамыз бен туризмге негізделген Маңғыстаудың ұзақ мерзімді экономикалық стратегиясын дамытуға күш салайық. Қазіргі таңда өндіріс әрекетінің кесірінен көптеген аудандар ластанып отырғанда,   Үстірттің таза даласы жануарлар өсіруге қолайлы орта», - деп отыр Осин.

Және тағы бір айта кететін жайт, бұл мәселенің басқа бір шешімі бар. ЭкологтарҮстірт жонының шығысында және құнды экожүйені сақтауға мүмкіндік беретін, едәуір алшақта орналасқан Самтыр кен орнын өңдеуді ұсынады.

Эко Маңғыстау, ЭкоМұражай мен Жаңа, қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы (Қарағанды), Дронт (Ресей), Арника (Чех Республикасы) және NABU (Германия) экологиялық ұйымдарының сарапшылары осы аптада Маңғыстау жұртшылығын ақпараттандыру әрі өңдеу жұмыстары – тұрақты даму стратегиясы емес екендігіне биліктің көзін жеткізу мақсатында бірнеше іс-шаралар өткізіп отыр. Қолдау ретінде азаматтар іс-шаралар барысында немесе  www.ecocitizens.kz-те он-лайн петицияға қол қоя алады.

Қорық 1984 жылы 223 мың гектар жерді қамтыған Үстірт жонының қайталанбас сұлулығы мен таңқалдырарлық пейзаждары, шыңдары мен каньондарының табиғи ландшафтын сақтап қалу мақсатында құрылған. Бұл аймақ – әр деңгейдегі Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың , мысалы, арқар, қарақұйрық, ителгі, бүркіт, құзғын, үкі мен сұлу-дуадақтардың мекен ету орны. Қорық – Маңғыстау облысы бойынша ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы мәртебесіне лайық бірден-бір үміткер.


Ескертпелер:

1) Больше подробностей о Устюртском заповеднике и его угрозам можете найти в карте горячих точек Мангистауской области

2) Люди могу подписивать петицию – открытое письмо президенту Нурсултану Назарбаеву – за спасение Устюрта на сайгте