03. 6. 2024 – ҚАРАҒАНДЫ

Дүниежүзілік велосипед күніне орай Қарағанды екі мектебінде велосипед тұрақтары орнатылды

3 маусымда біз керемет экокүнді – Дүниежүзілік велосипед күнін (World Bicycle Day) атап өтеміз. Велосипед тек экологиялық көлік құралы ғана емес, сонымен қатар климатқа және, әрине, адам ағзасына және оның көңіл-күйіне оң әсер етеді!

Дүниежүзілік велосипед күнін 2018 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялады. Бұл күні қарапайым, қолжетімді, таза және экологиялық таза көлік құралы - велосипедті пайдаланудың артықшылықтарына назар аударылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қалаларда жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін қауіпсіз инфрақұрылымды құру ауаның ластануын азайтуға, көлік кептелісін азайтуға, климаттың өзгеруіне қарсы күресті қолдауға, жол қауіпсіздігі мен адамдардың денсаулығын жақсартуға көмектеседі! Жаяу және велосипедпен жүру жүрек ауруы, инсульт, қант диабеті және тіпті өлім қаупін азайтуға көмектеседі. Айтпақшы, велосипед көлік түрі ретінде 200 жыл бойы қолданылып келеді.

31 Мамырда Қарағандының екі мектебінде – «№14 мектеп-гимназия» КММ және «А.Ермеков атындағы мектеп-лицей» КММ велосипед тұрақтарының салтанатты ашылуы өтті. Бұл іс-шара Балаларды қорғау күні мен Велосипед күніне орай ұйымдастырылды және велосипедті экологиялық таза көлік ретінде насихаттауға бағытталған.

«Біздің климаттың өзгеруіне жауабымыз» шағын гранттар бағдарламасы бойынша «ЕСО-вело: таза жүрудің үздік тәсілі» ? жобасы аясында «Венгрия университеттерінің студенттері, докторанттары мен түлектерінің Қазақстандық қауымдастығы» ҚБ велопарктерін орнатты.

Шағын гранттар бағдарламасы Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Арника - азаматтарды қолдау орталығы» Чех қоғамдық ұйымымен серіктестікте Қарағанды облыстық Экологиялық Мұражайы іске асыратын «Қарағанды облысындағы климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдетуге азаматтық қоғамның қатысуы» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

 

 

Қазақ тіліне аударған: Маликова Дильназ Арманқызы.