Акцияны ұйымдастырушылар - Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қарағанды облысының әкімдігі, Қарағанды қаласының әкімдігі Еуропалық Одақтың «Климаттың өзгеруіне біздің жауабымыз. Азаматтық қоғамның Қарағанды облысындағы климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдетуге қатысуы» жобасымен бірлесіп (іске асыратын Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы және«Арника»ҚБ).
Қалдықтар әртүрлі түрлерге бөлінді және қайта өңдеуге болатын қалдықтарды (пластик, шыны және алюминий) @vsk.karaganda компаниясы алды.
Ұйымдастырушылар акцияның ең кішкентай және ең үлкен қатысушыларын атап өтті. Олар сыйлық ретінде қайта пайдалануға болатын су бөтелкелері мен мата сөмкелерін алды.
Қазақ тіліне аударған: Маликова Дильназ Арманқызы.