АКТАУ – Маңғыстау облысының экологиялық мәселелерін шешуге азаматтарды тарту – Европа одағының қаржылық қолдауы негізінде ЭкоМаңғыстау, ЭкоМұражай, Жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы (Қазақстан) мен Arnika (Чех Республикасы) үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастырған шағын гранттар бағдарламасының басты мақсаты. Бастамашыл, белсенді азаматтар өздерінің жобалық идеяларын 2015 жылдың қаңтар айының соңына дейін жібере алады. Жеңген жағдайда үміткерлер 3000 евроға дейін грант ала алады, жалпы грант қоры 16 000 евроны құрайды. 16 000 евро көлеміндегі шағын гранттар барлық үміткерлерге арналған. Орташа бюджеті 1500-3000 евроны құрайтын 5-тен 10-ға дейін шағын жобаларды жүзеге асыру күтілуде.