Жаңалықтар

Маңғыстау тұрғындарының проблемалары төртеуге азайды. Бірнеше экологиялық мәселелер жергілікті азаматтардың бастамасы арқасында шешімін тапты, қалған біраз мәселелердің шешімі қарастырылуда.(1) Нақты мәселелерді шешудегі белсенді қауымдастықтарға қолдау көрсету(2) – Европа Одағ мен Чехия үкіметінің қаржыландыруымен (3) ЭкоМұражай, CINEST (Қарағанды), Эко Маңғыстау (Ақтау) және Арника (Чех Республикасы) қоғамдық ұйымдары ұйымдастырған  «Азаматтардың құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу – Маңғыстау облысында Орхус конвенциясын тәжірибелік іске асыру» жобасы аясындғы Шағын гранттар бағдарламасының мақсаты болатын.
Маңғыстау облысы жақын арада әлемдік туризм үшін танымал орынға айнала алады. Халықаралық ұйым бірегей қорықтың ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра нысандарының тізіміне енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Алайда, бөкендердің  маңызды тіршілік ортасы мен тамаша пейзаждарды мәңгілік жоғалту қаупі төніп тұр. «ҚазМұнайГаз» мемлекеттік мұнай компаниясы қорық шетіндегі Қансу газ кен орнын өңдеуге рұқсат алуды қолға алып отыр (1). Бірнеше елдердің қоғамдық ұйымдары  мен сарапшылары дабыл қағуда: газ кен орны ашылғаннан кейін болашақ ұрпақ экотуризмнің игілігін пайдалану мүмкіндігін мүлдем жоғалтады. Табиғатты қорғауға азаматтар петицияға қол қою арқылы қолдау көрсете алады.
АСТАНА – 14-15 шілдеде Астана қаласындаҚазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін конференция аясында қоршаған ортаны ірі ластаушылардың дерек қоры туралы көрсетілім ұсынылады. Орталықтандырылған дерек қорындағы ақпаратты үкіметтік емес ұйымдар ұсынған және жақын арада www.ecocitizens.kz сайтында ашық және қолжетімді түрде жарияланады. Қоршаған ортаның ластануы туралы ақпаратты қоғам үшін қолжетімді ету идеясына  біраз жыл болды. Шығарындылар мен ластаушы заттарды тасымалдау бойынша мемлекеттік дерек қоры Шығарындылар мен ластаушыларды тасымалдау регистрі туралы Киев хаттамасы (1) аясындағы дамушы елдер үшін мемлекеттің өз азаматтары алдындағы ашықтығын көрсететін стандарт  болып табылады. 2016 жылдың сәуір айында Елбасы Н.Назарбаев аталған Хаттамаға байланысты жаңа заңға (2) қол қойды. 
Ақтау – Маңғыстау облысының қалалары мен ауылдарының тұрғындары қоршаған ортаны қорғау мамандарының көмегіне жүгініп, шешім қабылдау үрдісіне қоғамдастық болып қатыса алады (1). Осы аптада «Эко Мангистау» МЕМ, «ЭкоМузей» АҚ, CINEST- ң Қарағанды ОФ, чехиялық «Арника» АҚ өкілдері жергілікті қоғамдастықтарға барып, экологиялық мәселелерді шешудің мүмкін жолдары туралы кеңес берді. Белсенді азаматтар топтары өз жобаларын Кіші гранттар бағдарламасы бойынша ұсынып, өз жобаларын 1500 евродан 3000-ге дейінгі мөлшерде қаржыландыруға тапсыыс берулеріне болады (2).Кіші ганттар бағдарламасы туралы барлық ақпарат: http://ecocitizens.kz/grant
АҚТАУ – Чехияның үкіметтік емес ұйымы Арника және оның Қазақстандағы серіктестері Эко Маңғыстау, Экомұражай және CINEST-тің үйлестіруі бойынша коммуналдық қалдықтар полигонынан келетін иіс пен шаң, канализациялық құбырлардың ағып кетуі, ағаштардың болмауы және ақбөкендердің мүйіздерін заңсыз сату тақырыбындағы төрт жоба шағын гранттар бағдарламасы шеңберінде қаржылық қолдау үшін іріктелді. Еуропалық Одақ «Маңғыстаудың экологиялық мәселелрі бойынша азаматардың құқықтарының сақталуын және қоғамның шешім қабылдау процесіне қатысуын жүзеге асыру» жобасына жалпы бюджеті 336 120 Евро сомасын бөлді және оның ішінде 16 000 Евро шағын гранттар бағдарламасына бөлінді.
АКТАУ – Маңғыстау облысының экологиялық мәселелерін шешуге азаматтарды тарту – Европа одағының қаржылық қолдауы негізінде ЭкоМаңғыстау, ЭкоМұражай, Жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы (Қазақстан) мен Arnika (Чех Республикасы) үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастырған шағын гранттар бағдарламасының басты мақсаты. Бастамашыл, белсенді азаматтар өздерінің жобалық идеяларын 2015 жылдың қаңтар айының соңына дейін жібере алады. Жеңген жағдайда үміткерлер 3000 евроға дейін грант ала алады, жалпы грант қоры 16 000 евроны құрайды. 16 000 евро көлеміндегі шағын гранттар барлық үміткерлерге арналған. Орташа бюджеті 1500-3000 евроны құрайтын 5-тен 10-ға дейін шағын жобаларды жүзеге асыру күтілуде.
АҚТАУ – Бүгін Маңғыстауда міндеттерінің бірі экологиялық «нашар аймақты» анықтау болып табылатын Еуропа Одағы қаржыландыратын жоба іске қосылды. Сонымен қатар жоба азаматтарды қоршаған орта жөнінде ақпарат алуға және шешімдер қабылдау рәсімдеріне тиімді қатысуға оқытатын болады. Көрсетілген бастама Қазақстан Республикасы 2000 жылы бекіткен қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша ақпаратқа, шешім қабылдау барысына және әділеттілікке қол жеткізу , туралы конвенцияның (Орхусс конвенциясының) іске асырылуын жақсартуға үлесін қосады. Аталған үш жылдық жоба Еуропа Одағының қаржылық қолдауы арқылы жүзеге асырылады.
АҚТАУ - Қоршаған орта жағдайы туралы жұртшылықты қандай құралдармен ақпараттандыруға болады және азаматтар шешім қабылдау үдерісіне қалай тиімді әсер ете алады деген мәселелер Қазақстанның Маңғыстау облысы Ақтау қаласында осы аптада өткен семинарлар сериясының негізгі тақырыбы болды. Маңғыстау облысының, Орталық Қазақстан мен Чехияның сарапшылары аймақтың экологиялық ыстық нүктелерінің он-лайн картасын көрсетті.    
АҚТАУ – Бүгін Маңғыстауда міндеттерінің бірі экологиялық «нашар аймақты» анықтау болып табылатын Еуропа Одағы қаржыландыратын жоба іске қосылды. Сонымен қатар жоба азаматтарды қоршаған орта жөнінде ақпарат алуға және шешімдер қабылдау рәсімдеріне тиімді қатысуға оқытатын болады. Көрсетілген бастама Қазақстан Республикасы 2000 жылы бекіткен жұртшылықты қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша әділеттілікке қол жеткізу және шешім қабылдауға қатыстыру, ақпаратқа қол жетімділік туралы конвенцияның (Орхусс конвенциясының) іске асырылуын жақсартуға үлесін қосады. Аталған үш жылдық жоба Еуропа Одағының қаржылық қолдауы арқылы жүзеге асырылады.
Страница 4 из 4