Климаттық ісәрекеттер стратегиясы – бұл энергетика, өнеркәсіп және көлік сияқты басты экономика секторларында шығарындыларды азайтудың, сонымен қатар болып жатқан климаттық өзгерістерге бейімделудің кешенді тәсілдері. Стратегияны әзірлей отырып, біз ең үздік халықаралық тәжірибелерге сүйенеміз, төмен көміртекті технологияларды сәтті енгізіп жатқан Еуропа және басқа елдердегі әріптестерден үйренеміз. Климаттық ісәрекеттер стратегиясы – бұл энергетика, өнеркәсіп және көлік сияқты басты экономика секторларында шығарындыларды азайтудың, сонымен қатар болып жатқан климаттық өзгерістерге бейімделудің кешенді тәсілдері. Стратегияны әзірлей отырып, біз ең үздік халықаралық тәжірибелерге сүйенеміз, төмен көміртекті технологияларды сәтті енгізіп жатқан Еуропа және басқа елдердегі әріптестерден үйренеміз.
Біздің талпыныстарымызға әділ энергия ауысымы, өнеркәсіп және тұрғын үй секторындағы энергия тиімділігін арттыру, сондай-ақ тозған экожүйелерді қалпына келтіру кіреді. Бұл шаралар шығарындыларды азайтып қана қоймай, сонымен қатар экономикалық өсімге, өмір сүру деңгейін арттыруға және «жасыл» секторларда жұмыс орындарын құруға жаңа мүмкіндіктер береді.
Біз климаттың өзгеруіне қарсы күрес барлық деңгейдегі - үкіметтен бастап жергілікті қоғамдастықтарға дейін ұжымдық іс-әрекеттерді талап ететінін түсінеміз. Дәл осыған орай, Қарағанды облысының климаттық іс-әрекет стратегиясын әзірлеуге барлық мүдделі тараптар: мемлекеттік органдар, бизнес, қоғамдық ұйымдар, мүдделі жұртшылық тартылды.
Стратегия – болашақтағы ұрпақтарымыздың алдындағы біздің міндетіміз. Ол Қарағанды облысының жаһандық өзгерістерге дайын екендігін білдіріп қана қоймайды, сондай-ақ біздің өңірді өркендететін, салауатты және экологиялық орнықты ететін қайта түрлендірулерде көшбасшы болатынын білдіреді.
Бас редактор: Қалмыков Д.Е.
Авторлар: Айткулов А.М., Игнатович И.О., Калмыков Д.Е., Маликова А.Д., Матонин В.В., Музбай А., Оборина Е.В., Салихова З.Ж.
Қазақ тіліне аударған: Асел Маликова
Беттер саны: 90
Жарияланған мерзімі: 2024 ж